Оқушыларға » Страница 14 » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ғасыр әншісі Р.Бағланова»
03
май
2022
«Ғасыр әншісі Р.Бағланова»
Амангелді атындағы орта мектебінде күміс көмей әнші, қазақтың бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай 6 ә сынып оқушыларына «Ғасыр әншісі Р.Бағланова» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып өтті. Сынып жетекшісі А.С.Топашева
"Қиын бала болмайды" жобасы
03
май
2022
"Қиын бала болмайды" жобасы
Шу ауданы білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында Амангелді атындағы орта мектебінде жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Омарова және учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Д.Д.Усенбаевтың қатысуымен 8-11сынып ұлдарымен жиналысы өтті. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,
" Аты аңызға айналған Р.Бағланова"
03
май
2022
" Аты аңызға айналған Р.Бағланова"
Амангелді атындағы орта мектебінде күміс көмей әнші, қазақтың бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай 10 сыныпта " Аты аңызға айналған Р.Бағланова" атты тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі А.Е.Алипбаева
"Жыр жүйрігі -Мұқағали Мақатаев!"
03
май
2022
"Жыр жүйрігі -Мұқағали Мақатаев!"
Қазақ поэзиясының ұлы кемеңгер ақыны Мұқағали Мақатаевтің 91жылдығына орай "Жыр жүйрігі -Мұқағали Мақатаев!" атты поэзия байқауына қатысқаны үшін Амангелді атындағы орта мектебінің оқушылары Алға ауылдық округінің әкімі Б.Есбергеновтің Алғыс хатымен марапатталды.
"Жыр жүйрігі- Мұқағали Мақатаев!"
03
май
2022
"Жыр жүйрігі- Мұқағали Мақатаев!"
Амангелді атындағы орта мектебінде қазақ әдебиетінің биік шыңы,ақиық ақын-Мұқағали Мақатаевтің туылған күніне орай "Жыр жүйрігі- Мұқағали Мақатаев!" атты поэзия байқауы өтті.
"Сыныптағы достық"
03
май
2022
"Сыныптағы достық"
7- ақпан күні Амангелді орта мектебінде "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Топашева А. С 6-сынып білім алушыларымен күнтізбелік жоспарға сәйкес "Сыныптағы достық" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: сыныптағы достықтың маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
"Мен өз отбасымен бақыттымын" және"Менің әлемім"
03
май
2022
"Мен өз отбасымен бақыттымын" және"Менің әлемім"
Амангелді атындағы орта мектебінде Психологиялық кеңес беру айлығының өтілуіне орай "Психология ғажайып-әлем"тақырыбында 3сынып және 5,8сынып окушылар арсынан "Мен өз отбасымен бақыттымын" және"Менің әлемім"тақырыбында мектеп психологтары және сынып жетекшілерімен бірлесе эссе жазу ұйымдастырылды.
Математика және информатика декадасының ашылуы
03
май
2022
Математика және информатика декадасының ашылуы
Амангелді атындағы орта мектебінде ақпан айының 01.02-28.02 аралығында өтетін математика және информатика декадасының ашылуы өтті.Онда балаларды қызықтырған логикалық есептер , ребустар,математикалық сөз жұмбақтар көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар "Тапқыр болсаң шешіп көр!" көрмесіне белсенді ат салысуда.Ақпан айы бойы математика және информатика пәндері бойынша ашық сабақтар,түрлі сайыстар жоспарланған
"Ғажайып психология-әлемі"
03
май
2022
"Ғажайып психология-әлемі"
Шу ауданы білім бөлімінің оқу -әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 03-207хаты бойынша 7ші ақпан күні,Амангелді атындағы орта мектебінде Психологиялық кеңес беру айлығы жариялануына байланысты,мектеп психологтары В.Ү.Алиева және Г.С.Кончекованың ұйымдастыруымен "Ғажайып психология-әлемі"тақырыбында айлықтың ашылуы өткізілді.
"Адал" дебат клубы
03
май
2022
"Адал" дебат клубы
7 қаңтар күні Амангелді атындағы орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында "Адал" дебат клубының жетекшісі А.С.Топашеваның ұйымдастыруымен кезекті пікір-сайыс өтті. Қатарға жаңадан қосылған спикерлер үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді. дебат АПФ форматында өтті. Қарар: 1. БП ата-әженің тәрбиесін алған дұрыс ; 2. БП білімге қарағанда тәрбие маңыздырақ деп есептейді . Пікір-сайысқа 7-сынып оқушылары командаларға бөлінді. "Адамгершілік", "Ақиқат",