"Әрбір бала жарық жұлдыз" тақырыбында сабақ өтті » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Әрбір бала жарық жұлдыз" тақырыбында сабақ өтті
19
февраль
2024

"Әрбір бала жарық жұлдыз" тақырыбында сабақ өтті

Амангелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі В.А Муканова ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету жоспары бойынша ата-аналармен "Әрбір бала жарық жұлдыз" тақырыбында сабақ өтті.
Мақсаты:Темпераменттің оқу қызметіне,мінез-құлқы мен қарым-қатынасқа әсері туралы түсініктерін қалыптастыру.Баланың темпераментіне сәйкес,оның ерекшелінін ашу жолдарын таныстыру.
Сабақ барысында: Ата-аналар "Домбырасыз сән қайда?" әнімен қарсы алынып, "Ішкі және сыртқы шеңбер"әдісімен бір-бірімен танысып,амандасты.
Домбырада жазылған ұлы күйшілердің есімдеріне сәйкес "Тәттімбет", "Құрманғазы", "Дина" топтарына бөлінді.
Кіріспе бөлім К.Әзірбаевтың "Танисың" термесін "Аспаптар сөйлейді" әдісі арқылы талқылаудан басталып, қазақ-француз бірлескен "Көшпенділер" фильмін көріп"Көңілді баян" әдісімен,топта талқылады.
"Жүйке жүйесінің типтері" туралы мектеп психологы Алива В.Ү.түсіндірме жұмысын жүргізіп,тренинг өткізді.
Ата-аналарды сергіту мақсатында "Көңілді қасықтар"нейрожаттығуы мен "Сол қолмен жаз" жаттығуы жүргізілді.
Сабақтың қорытынды бөлімі ретінде,ата-аналарға"Көшпелі бұлттар" мультфильмі көрсетіліп,топтық жұмыс жасалынды.Әр топ фильмнен алған әсерлерін,түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп,ортада талқылады."Қол соғу" ойынымен сабақ қорытындыланып,"Сазды домбыра"әдісі арқылы кері байланыс жасалды.Әр ата-ана ноталарға пікірлерін жазып домбыраны безендірді.










Нравится


Комментировать

Поделиться