Ата-аналар жиналысы » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ата-аналар жиналысы
13
ноябрь
2023

Ата-аналар жиналысы

Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы. Сондықтан ата-ананың көңілін таба білуіне ой қозғау,өзін-өзі тануына бағыт беру,тәрбие жайлы пікір бөлісу мақсатында 10 қараша күні жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Г.С.Кончекова психологиялық тренинг өткізді.Ата-аналар тренингке белсене қатысты.Өз ойларын жеткізе білді.
    Мектеп директоры Қ.М.Бабасова қыркүйек,қазан айларында өткізілген олимпиада ойындарынан алған мараптаттарымен ,үздік оқушылар мен ұстаздарын жеткен жетістіктері мен марапаттады.
    «Құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында Шу аудандық полиция аға лейтенанты   Бижекеев Жандарбек Турдадинұлы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша және мектеп ережесіне сай мектеп формасын кию туралы ата-аналарға ескертілді.
     А.С.Омарова «Жүрек жылуы» (ата-аналарға арналған тренинг) өткізді.
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы –отбасы.Сондықтан ата-ананың бала көңілі тануына бағыт беру,тәрбие жайлы пікір бөлісу.Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.
      Ата-аналарға жағдаяттар бойынша сұрақтар қойылып,жауаптары талқыланды. Жаттығу «Аяқталмаған сөйлем», «Ащы пияз» тақырыптарында тренинг бойынша бейне жазба көрсетіліп,топ бойынша ата-аналарға жағдаят сұрақтар беріліп,жауаптары талқыланып.Ата-аналармен стикер арқылы кері байланыс жүргізілді. Ата-аналар жиналысы жоғарғы деңгейде өткенін атап өтті.