Профориентациялық көмек » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Профориентациялық көмек
Кәсіптік бағдар
25
апрель
2023
Кәсіптік бағдар
Амангелді атындағы орта мектебінде кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес мектептің КББ педагогі А.С.Топашева 9 сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан №10 колледжіне топсеруен ұйымдастырды. Колледж әдіскері Шаймаханова Сауле Кадыралиевна мамандық түрлері, оқуға түсу шарттары туралы мәлімет берді. Мамандардың жұмыстарын, құрылғылардың атқаратын қызметтерін, жатақхана, асхана, спортзал, оқу кабинеттерімен таныстырды. Оқушылар колледждің тыныс тіршілігімен танысып,сұрақтарына толыққанды
Алматы Мемлекеттік Көлік және Коммуникациялар колледжі
19
апрель
2023
Алматы Мемлекеттік Көлік және Коммуникациялар колледжі
19- шы сәуірде мектебімізге Алматы Мемлекеттік Көлік және Коммуникациялар колледжінің бөлім меңгерушісі Мұхтар Мейіржан Айболұлы келіп, кәсіптік білім беретін оқу ордасының жай –күйін, мамандық түрлерін мектебіміздің 9-сынып білім алушыларына таныстырды. Аталған оқу орнында білім алу тегін, шәкіртақы төленеді. АМККК де оқудың артықшылықтары: • Жоғары деңгейдегі материалды- техникалық база; • Заманауи интерактивті-мультимедиялық жабдықталуы; • Спорт сауықтыру кешені; • Оқу шеберханалары, акт
"Мамандық және болашақ"
06
апрель
2023
"Мамандық және болашақ"
Амангелді орта мектебінде 10,11 - сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру іс-шаралар жоспарына сай "Мамандық және болашақ" тақырыбында тренинг, кеңес өтілді. Мақсаты: "Мамандық" туралы түсініктерін кеңейту, өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру. Өтілген іс- шара өз мақсатына жетті, мамандық түрлері мен болашақтағы мамандықтарын таңдау туралы кеңестер берілді .
"Мамандықтың бәрі жақсы"
05
апрель
2023
"Мамандықтың бәрі жақсы"
Амангелді орта мектебінде 2023 жылдың 5 сәуір күні "Мамандықтың бәрі жақсы" тақырыбында 8,9 сынып оқушылары ауыл ішіндегі түрлі мамандық иелерімен кездесіп, өзара сұхбат жүргізіп, пікірлесті. Кездесудің мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Аталған мамандықтардың жақсы қасиеттеріне көп көңіл
«Менің болашақ мамандығым»
20
февраль
2023
«Менің болашақ мамандығым»
Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сай 3ә, 4а,ә, 5а, 6а сынып оқушылары «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында өздері қалаған мамандық иелерінің суреттерін салды. Оқушылар мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, таңдау әдістері туралы білімдерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыра түсті.
«Менің болашақ мамандығым»
17
февраль
2023
«Менің болашақ мамандығым»
17- ақпан күні кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес, 5 «а» сынып жетекшісі Нүсіпбекқызы Сабира оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
«Мен және менің болашақ мамандығым»
16
февраль
2023
«Мен және менің болашақ мамандығым»
Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес, 16-ақпан күні 6 «а» сынып жетекшісі Г.А.Кошаметова «Мен және менің болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға мамандықтар туралы, алдағы уақытта мамандықты таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру. Оқушылар таңдаған мамандықтары туралы ойларын айтып, сурет салды.
Мамандық таңдау-мектептен басталады»
14
февраль
2023
Мамандық таңдау-мектептен басталады»
Ақпан айында білім алушылардың мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында 5 – сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау-мектептен басталады» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Кәсіби бағдар беруші педагог А.С.Топашева мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керектігін айтып, мамандық түрлерімен таныстырды.
«Мамандықтар әлеміне саяхат»
09
февраль
2023
«Мамандықтар әлеміне саяхат»
Амангелді орта мектебінде кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай 2023 жылдың 9 ақпан күні «Мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында білім алушылар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарына мамандар дайындаудың негізгі бағыттары, оқуға түсу шарттарымен таныстырылды. Полиция қызметкері білімді болуымен қатар, білікті де болуы шарт. Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Полиция
«Мамандық таңдау- өміріңнің бір кірпішін қалау»
03
февраль
2023
«Мамандық таңдау- өміріңнің бір кірпішін қалау»
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау білімді де, білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға етіп өсіру. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған талаптар күн сайын күрделенуде. Сондықтан мектепте берілген кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті-баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана