«Миллион кімге бұйырады?» тақырыбында сайыс сабақ » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Миллион кімге бұйырады?» тақырыбында сайыс сабақ
22
февраль
2024

«Миллион кімге бұйырады?» тақырыбында сайыс сабақ

Ақпан айының 16 -күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнагулова Багдат  айлық барысында сыныптан тыс        7 "А" - 7 "Ә"  сыныптар аралығында «Миллион кімге бұйырады?» тақырыбында сайыс сабақ өткізді.
Сайыс сабақтың мақсаты: Жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды, сабақ бағдарламасындағы күрделі тақырыптардың ауқымын кеңейтіп, оқушы санасында жете қалыптастыру оқушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдыққа, тез қозғалуға, бірізділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, дамыту.
Сайысқа 7"А"- 7 "Ә" сыныптарынан екі оқушыдан құралған "Абай",  "Бірлік", "Жалын", "Ақ жол", "Ар-Нұр", "Жігер", "Алға" атты   7 топ қатысты. 
Сайыс 3  кезеңде өтті. 1 - кезеңде ұпайы төмен 2- топ ойыннан шығарылып 2- кезеңде ұпайы төмен  2- топ,  1- кезеңге ұпайы жоғары "Ақ жол", "Жігер", "Ар-Нұр" топтары ақтық кезеңге шықты. Сайыстың соңында 1- орын 7"А" сыныбының оқушысы Жарылқасын Нұрсәт пен 7 "Ә" сынып оқушысы Талғат Ержігіт атты  оқушыларынан құралған топ "Ақ жол " тобы жеңіске жетті.  Пән мұғалімі Айнагулова Багдат оқушыларды қызықтыру мақсатында 1- орынға арнайы киноға екі билет берді. 2-3 орынға шыққан "Ар-Нұр"  және "Жігер "тобының оқушыларына арнайы ынталандыру сыйлықтары мен грамоталары табысталды.

Похожие публикации:

16 октябрь 2023 "Жас математик"
24 январь 2023 МИФ айлығы
26 январь 2023 МИФ айлығы