Педагог ұйымдастырушы лауазымына ашық конкурс » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог ұйымдастырушы лауазымына ашық конкурс
05
март
2024

Педагог ұйымдастырушы лауазымына ашық конкурс

Педагог  ұйымдастырушы  лауазымына хабарландыру.

Педагог     ұйымдастырушы  бос лауазымы 

05.03.2024ж  бастап 20.03.2024ж дейін жарамды

Амангелді атындағы орта мектебі  КММ   Педагог ұйымдастырушы  бос лауазымға орналасуға ашық конкурс жариялайды.

Бос жұмыс орын туралы ақпарат:

аймақ

Жамбыл   облысы /Шу   ауданы, село Алға Қарашаш №47

Жұмыс орны

«Амангелді атындағы орта мектебі»  КММ 

Пошталық мекенжайы:индекс 081103 ______________________________

Қарашаш  көшесі,     47 ғимарат.

Байланыс телефоны5 -10-30;5-14-71 (қабылдау бөлмесі)

Электрондық пошта: shcola.amanqeldi@mail.ru

Бос жұмыс орындарының саны

1

Бос лауазымға үміткерлердің құжаттар пакеті:

Конкурсқа қатысушы педагог бекітілген Қағидалардың 107-тармағына сәйкес келесі құжаттардыэлектронды немесе қағаз түрінде жіберуі тиіс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы № 57 бұйрығы, жаңа редакцияда-ҚР БҒМ19.11.2021  жылғы  № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11. 2021 жылғы  № 432 бірлескен бұйрығымен.:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

(Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады)

Лауазымға қойылатын талаптар:

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығымен бекітілген

Лауазымдық міндеттері:

тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың эстетикалық дамуын жүзеге асырады;

мерекелерді және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, қабілетті балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

балалардың ойын қызметін ұйымдастыруға қатысады, түрлі дидактикалық ойындар өткізеді;

педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

ата-аналар мен тәрбиешілерге балаларды биге тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді.

тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

өздерінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;

әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады;

қоғамның ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға деген толерантты көзқарасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды;

15. Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері;

өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;

арнайы педагогика;

оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;

арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;

педагогикалық этика нормалары;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелер.

16. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

"Арнайы білім" немесе Кәсіптік бағдар     беру бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог-модератор үшін жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін - 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін – 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгей болған кезде педагог-шебер үшін жұмыс өтілі – 5 жыл.

17. Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:

1)"педагог":

біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: оқу бағдарламасының мазмұнын және оқыту әдістемесін білу, жұмыс жоспарын жасау, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;

балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

2)"педагог-модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету;

әр түрлі сабақтарды кеңінен қолдану;

әдістемелік жұмысқа қатысу ;

педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу;

ашық сабақтар өткізу, білім беру ұйымы ішіндегі іс-шараларға қатысу;

3)"педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

балаларды тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі заманауи әдістерін, би қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін білу;

баланың даму ортасын өзгертуге белсенді қатысу;

4) педагог-зерттеуші:

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістемелерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыру, оларға балаларды хореографиялық дамытудың өзіндік әдістемелерін үйрету;

кәсіби конкурстардың қатысушысы болу;

оқушылардың қажеттіліктері мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтай отырып, оқытудың инновациялық технологияларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану;

қызмет бағыты бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

облыс деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибе жинақтау үшін тәлімгерлікті жүзеге асыру, бағалау құралдарын әзірлеу және зерттеу дағдыларын пайдалану;

5)"педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

балалардың хореографиялық дамуының өзіндік әдістемесі болуы керек;

авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған жарияланған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;

облыс деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыру және әлеуметтік педагогтердің кәсіптік қоғамдастығы желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіптік конкурстарға қатысушы болу.


Еңбекақы төлеу

1 жүктеме 

Жалақы деңгейі: 140000 теңгеден жоғары

Білім: жоғарғы

Санаты : педагог –модератор

Педагогикалық жұмыс өтілі: 2 жыл