Алматы Мемлекеттік Көлік және Коммуникациялар колледжі » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алматы Мемлекеттік Көлік және Коммуникациялар колледжі
19
апрель
2023

Алматы Мемлекеттік Көлік және Коммуникациялар колледжі

19- шы сәуірде мектебімізге Алматы Мемлекеттік Көлік және Коммуникациялар колледжінің бөлім меңгерушісі Мұхтар Мейіржан Айболұлы келіп, кәсіптік білім беретін оқу ордасының жай –күйін, мамандық түрлерін мектебіміздің 9-сынып білім алушыларына таныстырды. Аталған оқу орнында білім алу тегін, шәкіртақы төленеді.
АМККК де оқудың артықшылықтары:
• Жоғары деңгейдегі материалды- техникалық база;
• Заманауи интерактивті-мультимедиялық жабдықталуы;
• Спорт сауықтыру кешені;
• Оқу шеберханалары, акт залы және асхана;
• Қонақ үй тектес жатақханалары;
• Электронды және оқу залымен қамтылған кітапхана;
• Түлектерді жұмыспен қамту;
• Қысқартылған бағдарламамен жоғарғы оқу орнында білім алуды жалғастыру мүмкіндігі;
• Әскер қатарынан босатылуы;