«Мамандықтар әлеміне саяхат» » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мамандықтар әлеміне саяхат»
09
февраль
2023

«Мамандықтар әлеміне саяхат»

Амангелді орта мектебінде кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай 2023 жылдың 9 ақпан күні «Мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында білім алушылар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарына мамандар дайындаудың негізгі бағыттары, оқуға түсу шарттарымен таныстырылды. Полиция қызметкері білімді болуымен қатар, білікті де болуы шарт. Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Полиция қызметкері болу үшін білім де, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды. Осындай толып жатқан талаптардың үдесінен шығуға баса назар аударатын жандардың бірі - Шу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Өмірхан Нұрбол Нұржанұлы 11-сынып оқушыларымен әңгімелесіп, сүбелі сұхбат құрды.
Педагог- кәсіби бағдар беруші: А. С. Топашева


Похожие публикации:

21 октябрь 2022 Кәсіби бағдар беру
01 сентябрь 2022 1-қыркүйек
10 октябрь 2022 Кәсіби бағдар