"Қиын бала болмайды" жобасы » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қиын бала болмайды" жобасы
03
май
2022

"Қиын бала болмайды" жобасы

Шу ауданы білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында Амангелді атындағы орта мектебінде жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Омарова және учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Д.Д.Усенбаевтың қатысуымен 8-11сынып ұлдарымен жиналысы өтті.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақыттарында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді. Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау екендігі толығымен әңгімеленіп, оқушылар арасында әлімжетікті болдырмау мақсатында ата-ана мектеп психологымен, сынып жетекшілермен тығыз байланыста болу керектігі түсіндірілді. Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық заттарды қолдануының алдын алу жұмыстары түсіндірілді.
"Қиын бала болмайды" жобасы