«Қыз Жібек» қыздар клубы ұйымының 2019-2020 оқу жылының І жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының Анықтамасы » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз Жібек» қыздар клубы ұйымының 2019-2020 оқу жылының І жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының Анықтамасы
11
февраль
2020

«Қыз Жібек» қыздар клубы ұйымының 2019-2020 оқу жылының І жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының Анықтамасы

«Қыз Жібек» қыздар клубы ұйымының
2019-2020 оқу жылының І жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының
Анықтамасы
2019-2020 оқу жылының желтоқсан айында «Қыз Жібек» клубының I жарты жылдықта жүргізілген жұмыстары зерделеніп,анықтама жасалынды. Білім алушы қыз балаларды ұлттық санада тәрбиелеуді, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауды, таңдауға кеңес беретін, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамды әлеуметтендіруге үлес қосуын басты мұрат еткен «Қыз Жібек» қыздар клубы жұмыс істеуде.
«Қыз Жібек» клубының негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірді отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру және мектеп оқушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру.
«Қыз Жібек» клубының негізгі міндеті:
-тарихи дара тұлға-арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;
-ұрпаққа ұлттық тәрбиенің сіңіруші ретінде даярлау;
-кез-келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;
-сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды ұйрету;
-қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен қалыптастыру;
-болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау;
-ұлттық құндылықтарды салт-дәстүрлерді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу;
-отбасы тұрмысына, үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру;
2019-2020 оқу жылының желтоқсан айында «Қыз Жібек» клубының I жартыжылдықта жүргізілген жұмыстары зерделеніп,анықтама жасалынды. Жоспарға сәйкес іс-шаралар, ұйым мүшелерінің отырыстар, кездесулер, қыздар жиналысы жүргізіліп отырады. Атап айтқанда: ай сайын Қыз Жібек қыздар клубының мүшелерінің құрамын жинақтау кезекті отырыстары. Отырыста 2019-2020 оқу жылында атқарылған іс-шаралар есебі беріліп,ұйым мүшелерімен талданды.

«Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелерімен ДТІЖО А.С.Омарованың
жоспарлап ұйымдастыруымен қыркүйек айында «Қыз бала гигиенасымен таныстыру» тақырыбында жиналыс өткізіліп, баяндама оқылды.
Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу. Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Баяндама сұхбат, әңгімелесу, сұрақ-жауап арқылы өтілді. Қыз тәрбиесі туралы жалпы түсінік берілді. Қыздардың мектеп ішінде ғана емес, көшеде дұрыс киінуі, жүріс-тұрысы қалай болу керектігі туралы айтылды. Ұйым мүшелеріне міндеттер бөлініп берілді.
Баяндама барысында қыздардың өздеріне тән қылығы мен мінезі болу керектігі айтылды. Ситуациялық жағдаяттар шешілді.

Білім бөлімі Қазақстан Республикасы және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті БҰҰ Бас Ассамблеясымен бірлесіп 2019 жылдың 13 қазан күні 11 қазан – Халықаралық қыздар күніне орай республикалық онкүндік өткізілді.
Іс-шараның мақсаты –қыздардың білім мен медициналық қызметін алуы, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалуы бойынша құқықтарын жүзеге асыру.
Атқарылған іс-шараға ДТІЖО А.С.Омарова, психолог В.Ү.Алиева, аға тәлімгер Г.С.Кончекова, педагог ұйымдастырушы Л.Заирбаева, мектеп медбикесі А.Оралбаева. шақырылды. Жиналыс аясында 11 сынып оқушысы А.Жарылқасын «Қыз бала –ұлттың ұяты,халықтың шырайы» атты баяндама оқыды. «Қыздар гигиенасы мен физиологиясының ерекшеліктері» тақырыбында мектеп медбикесі А.Оралбаева түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Қазақ қызы деген атқа лайық болайық» тақырыбында мектеп психологы В.Ү.Алиева сөз алды. Жиналыста қазіргі қыздар арасында болып жатқан түрлі түсінбеушілік салдары, тәртіп бұзушылық, оның туғызатын зардаптары туралы нақты фактілермен мысал келтіріп өтті.

2019-жылдың 14- қараша күні «Қыз өссе елдің көркі» атты қыздар жиналысы өткізілді.
Мақсаты:қыздардың жүйелі білім мен медициналық қызметін алуы, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан қорғалуы бойынша құқықтарын жүзеге асыру.
Атқарылған іс-шараға ДТІЖО А.С.Омарова, мектеп психологы В.Ү.Алиева. және сынып жетекшілер шақырылды. Жиналыс аясында 9 «а» сынып оқушысы Берік Дильназ «Әдептен озбайық» атты баяндама оқыды. Жиналыста қазіргі қыздар арасында болып жатқан әртүрлі мәселелер талқыланды, түрлі түсінбеушілік салдары, тәртіп бұзушылық, оның туғызатын зардаптары туралы нақты фактілермен мысал келтірілді.
Жиналысқа 9,10,11 сынып қыздары қатысты.

2019-жылдың желтоқсан айында «Ару қызға не жарасады» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Мақсаты:қыздардың жүйелі білім мен медициналық қызметін алуы, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан қорғалуы бойынша құқықтарын жүзеге асыру.
Атқарылған іс-шараға ДТІЖО А.С.Омарова, мектеп психологы В.Ү.Алиева, және мектеп медбикесі А.Оралбаева шақырылды. Жиналыс аясында мектеп психологы В.Ү.Алиева «Бүгінгі қыз-ертеңгі ана» кеңес беру.Қыздардан мектеп психологы дайындаған сауалнама алынды. Медбикеге сұрақтар қойылып, қыздармен ашық сұхбат ұйымдастырылды. Жиналыста қазіргі қыздар арасында болып жатқан әртүрлі мәселелер талқыланды, түрлі түсінбеушілік салдары, тәртіп бұзушылық, оның туғызатын зардаптары туралы нақты фактілермен мысал келтірілді. Жиналысқа 8,9,10,11 сынып қыздары қатысты.

I жартыжылдықта атқарылған іс-шараларды саралай келе, жоспар бойынша барлық іс-шаралар атқарылды.

Орындаған: ДТІЖО А.С.Омарова