Хаттама » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Хаттама
08
октябрь
2020

Хаттама

Амангелді атындағы орта мектебі
Қазақстан Республикасының 2015 – 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарының 29 – тармағында COVID – 19 короновирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға бөлінген қаржыны жұмсау бойынша ата – аналар,ұжымдар алдында есеп беру кездесуінің жүргізілгені туралы
ХАТТАМА
Қатысқандар – 73 22.09.2020 ж
Күн тәртібінде:
1. Қазақстан Республикасының 2015 – 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарының 29 – тармағында COVID – 19 короновирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты бөлінген қаржыны жұмсау туралы есеп беру.
Д.А.Тилеужанова
Тыңдалды:
Мектеп директоры Д.А.Тилеужанова ұжым мен ата – аналар алдында жиналыс ашып,
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі,Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 01.09.2020 жылғы № 01 – 4091 хатына сәйкес Қазақстан Республикасының
2015 – 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарының 29 – тармағын орындау мақсатында, COVID – 19 короновирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуге бөлінген қаржыны жұмсау бойынша есеп беру екендігін айтып кетті.Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан мектебімізге аудандық білім бөлімінен оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне арналған антисептигі бар санитайзерлер - 23 дана х 5280 теңге = 121440 теңге,ковриг – 3 дана = 9850 теңге, кварц 1 дана х30000 теңге = 30000 теңге,тепловизор 1 дана х 20000 теңге = 20000 теңге бөлініп,мектепке әкелінді.Сондай – ақ мектебімізге аз қамтылған,көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға 10 дана планшет х 82000 теңге = 820000 теңге, 7 дана моноблок х 28500 = 199000 теңге,роутер 24 дана х14590=350160 теңге,сим карта 24 дана х 3960 = 95040 теңгеге берілгендігін айтып кетті. Мектеп директоры жиналыс барысында короновирустық инфекциясының таралу қауіпінің алдын алу бойынша санитарлық – дезинфекциялық талаптардың қатаң сақталуы қажет екендігіне де тоқталып,ата – аналарға түсіндіріп кетті.
Шешімі:
1. Короновирустық инфекциясының таралу қаупінің алдын алу бойынша санитарлық – дезинфекциялық талаптар қатаң сақталсын.