Қамқорлық акциясы » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқорлық акциясы
11
февраль
2019

Қамқорлық акциясы

Амангелді орта мектебінің 2019 жылы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында өткізілген «Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру» айлығының мәліметі

Амангелді орта мектебінде 2019 оқу жылы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының «Білім заңының» 1-ші тарау 8 баптағы 2-ші тармағы және 2017-2019 жоспарының негізінде «Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру» айлығы жарияланып, өткізілді.
1. Айлық өткізілу барысында бұйрық шығарылып, жоспары бекітіліп, штаб құрылды.
Штаб мүшелері төмендегі құрамда бекітілді:
Комиссия төрағасы: 1. Д.А. Тилеужанова – мектеп директоры;
Мүшелері: 2. Г.М. Саурбаева – директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
3. А.С. Омарова – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4. М.А. Жалпетекова – ата-аналар комитеті;
5. Н.М. Асылбаев – мектеп инспекторы.
2. Мектеп мұғалімдері ауыл көшелерін аралап 0 - 17 жасар аралығында балалар мен жасөспірімдердің арасында оқумен қамтылған балаларды анықтау мақсатында «Қамқорлық» айлығының аясында қайта көшелерді аралап, балалар мен жасөспірімдердің есебін бекітілген кестеге сәйкес өткізді.
№1. Қарашаш көшесі – Алтаева Г, Айнағұлова Б.
№2. Естемес көшесі – Раимкулова Н.
№3. Оразымбет көшесі – Корбозова Ж.
№4. Шымырқұл көшесі – Пернебаева М.
№5. Маметова көшесі – Майкеева М.
№6. Жобалай көшесі – Адилбекова Д.
№7. Жамансарт көшесі – Бикадамова Л.Рахимова Ү.
№8. Бармақ көшесі – Тажитаева Л.,Заирбаева Л.
№9. Болат көшесі – Абильдаева А.
№10. Әшім көшесі – Мұқанова В.
№11. Халық көшесі – Алипбаева А.
№12. Кәден көшесі – Айманбетова Ф.
№13. Тараз көшесі – Мұқанова Д.
3. Айлық барысында мектеп ұжымы және мектеп инспекторы Н.М. Асылбаевтың қатысуымен өткізілген рейдте ата-ана қарауынсыз қалған және 0-17 жас аралығында балалар мен жасөспірімдердің арасында оқумен қамтылмай қалған балалар анықталған жоқ.
4. 2019 жылы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Акция өткізу барысында мектепке, дүкендерге, ауыл поштасына хабарламалар ілінді. Мектепке келетін оқушылардың ішінен әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған , көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасының балалары, жетім көмекке мұқтаж оқушылар тізімі анықталып, Амангелді атындағы орта мектептің ұжымының демеушілігімен 1) 5 «ә» сынып оқушысы Бердібек Сезімге куртка, шалбар; 2) 5 «ә» сынып оқушысы Жарылқасын Аружанға бас киім, шалбар;3) 5 «ә» сынып оқушысы Измаханова Айданаға шалбар; 4) 5 «ә» сынып оқушысы Серік Мейіржанға жейде; 5) 4 «а» сынып оқушысы Әден Қуанышқа туфли , 6) 4 «ә» сынып оқушысы Сырғабай Әділбекке крассовки, 7) 3 «ә» сынып оқушысы Ахметов Адилге куртка, 8) 3 «ә» сынып оқушысы Өмірзақ Нұрбақытқа крассовки, 9) 2 «ә» сынып оқушысы Өмірзақ Ілияс крассовки, 10) 2 «ә» сынып оқушысы Әден Әбенге ақ көйлек берілді. Барлығы 50 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.