Кәсіби бағдар беру » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2022

Кәсіби бағдар беру

21- қазан күні жоспарға сәйкес 9-11 сыныптар арасында «Мамандықтар әлемі» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
Іс -шара барысы 7 кезеңді құрады:
1.«Менен сұрақ, сенен жауап»
2.«Мамандық әлемі».
3.«Ал сен кімсің ?».
4.«Ең жақсы» ойыны.
5.Сергіту сәті. «Саусақ арқылы мінез анықтау».
6.Кеңестер.
7.Психологиялық сәт. «Психогеометрия».
Барлық бөлімдер бойынша оқушылар жақсы атсалысып, берілген сұрақтарға
кеңінен тоқталды. Пән мұғалімдері қатысып, бірнеше кеңестер ұсынды.
Іс-шара оқушылардың мамандық туралы таным көкжиегін кеңейтіп, қазіргі заманғы мамандықтар қандай, қандай мамандықтар сұранысқа ие, өз мамандығынды дұрыс таңдау үшін қандай кеңестерге назар аудару керек ? секілді сұрақтардың жауаптары алынып, талданды. Статистикалық мәлімметтер ұсынылды. Оқушылардың өз мінез құлықтарын анықтау үшін психологиялық тесттер жүргізілді. Сергіту сәті ретінде қызықты ойындар ойнап, мамандықтар әлеміне саяхат жасалды.
Мамандықтары таңдалған оқушылармен ары қарай жасалтын жұмыс жоспарлары ойластырылды. Әлі де ойлану үстінде жүрген шәкірттерімізге тимді, заман талабына сай , сұранысқа ие мамандықтар тізімі айтылды. Қабілеттеріне сай талдау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілетіндігі ескертілді.
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген Ж.Аймауытовтың сөзімен сабақтан тыс іс-шарамыз қорытындыланды.