Оқушыларға » Страница 15 » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Туған жердің әсемдігі»
03
май
2022
«Туған жердің әсемдігі»
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі В.У.Алиева 6-сынып оқушыларымен әрбір баланың табиғатына берілген жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау мақсатында «Туған жердің әсемдігі» тақырыбында сыныптан тыс ашық сабақ өткізді.
«Руханилықтың мөлдір бұлағы»
03
май
2022
«Руханилықтың мөлдір бұлағы»
Амангелді орта мектебінде «Өзін-өзі тану:Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында 04.02.2022 жылы 1-8 сыныптар арасында «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы сурет байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар қызыға қатысып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
«Мейірімділік-асыл қасиет»
03
май
2022
«Мейірімділік-асыл қасиет»
«Өзін-өзі тану:Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында 03.02.2022 жылы В.У.Алиева, Г.С.Кончекова мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында 4 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, бір-біріне деген құрметке және жылы сөйлеуге,жақсы нарсені бойларына жинауға үйрету.
«Алтын жүректі ана»
03
май
2022
«Алтын жүректі ана»
Өзін-өзі тану пәнінің мектеп бағдарламасына енуі - Тәуелсіздіктің тәтті жемісі. Рухани-адамгершілік тәрбиесі - Адам болып қалыптасуының алғы шарты. Білім беру жүйесінде балаларды адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым қатынас нормаларымен таныстыру, азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту осы пәннің еншісіне тиді. Бұл істе – Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбегі орасан! Үлкен жүректі Ел Анасының, сүйіспеншілік пен махаббатқа негізделген ойлары мен тұжырымдарының жемісі. Өзін-өзі тану
«Сүйіспеншілік-өмір негізі»
03
май
2022
«Сүйіспеншілік-өмір негізі»
2022 жылдың 2 ақпан күні Амангелді орта мектебінде «Өзін-өзі тану Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің аясында 3 –сынып білім алушыларымен өзін-өзі тану пәні мұғалімі Топашева А.С «Сүйіспеншілік-өмір негізі» атты сыныптан тыс тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Өзара адами қарым-қатынастың маңыздылығын ұғындыру; әр білім алушы жүрегіне өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, қоршаған ортаға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
«Өзін-өзі тану Махаббат пен шығармашылық  педагогикасы»
03
май
2022
«Өзін-өзі тану Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»
Шу аудандық білім бөлімінің 31 қаңтардағы №03/185 хатына сәйкес 2022 жылдың 1 ақпан күні Амангелді орта мектебінде «Өзін-өзі тану Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Топашева А.С оқушылар және мектеп ұжымын жоспармен таныстырды. «Өзін-өзі тану» пәні туралы жалпы түсінік беру мақсатында қысқаша тарихына тоқталды. Сара Алпысқызының жасаған еңбектерін салтанатты онкүндіктің ашылу рәсімінде таныстырып өтті.Оқушылар «Бәрінің
Таеквондо WT жекпе-жегі ашық турнир
03
май
2022
Таеквондо WT жекпе-жегі ашық турнир
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл құрметіне, Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл, Қажымұқан Мұнайтпасұлының 150 жылдығына орай, балалар мен жасөспірімдер және жастар арасындағы таеквондо WT жекпе-жегінен Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы дәстүрлі XXII-ші Республикалық ашық турнирде 10-11 жас аралығында 24кг.салмақ дәрежесінде II- орын Қайратқызы Парасат , 15-17жас аралығында 55кг.салмақ дәрежесінде III-орын Елемесова Сарвиноз иеленді. Жеңістерің құтты болсын!
"Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы"
03
май
2022
"Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы"
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы" атты шығарма жазылып ,үздік шығармалар таңдалып алынды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Қазбек Жексенбі ұлын еске алуға арналған бокстан 2007-2008,2009-2010,2011-2012,2013-2014 ж
03
май
2022
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Қазбек
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Қазбек Жексенбі ұлын еске алуға арналған бокстан 2007-2008,2009-2010,2011-2012,2013-2014 жылғы туған жасөспірімдер арасындағы турнирінде 30 салмақ дәрежесінде II - орын алған Көлбай Дастан,26 салмақ дәрежесінде III-орын алған Жетісай Иманғали, 38 салмақ дәрежесінде III-орыналған Сағаділдә Мирас, +60 салмақ дәрежесінде III -орын алған Төрехан Темірлан Амангелді атындағы орта мектебінің оқушылары марапатталды.
"Тәуелсіз ел - Қазақстан"
03
май
2022
"Тәуелсіз ел - Қазақстан"
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Тәуелсіз ел - Қазақстан" тақырыбындағы сурет көрмесі ұйымдастырылды. Барша Қазақстандықтарды мерекелерімен құттықтай отырып, назарларыңызға мектебіміздің дарынды оқушыларының жұмыстарын ұсынамыз.