Оқушыларға » Страница 9 » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мен арифметикпін"
11
октябрь
2022
"Мен арифметикпін"
Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігінің айлығында,3-4-сынып оқушылары арасында,оқушыларды жылдамдыққа,есте сақтау қабілеттерін дамыту және көбейту кестесін мүдірмей,шапшаң айтуға баулу мақсатында "Мен арифметикпін"атты сайыс өткізілді.Ұйымдастырушы бастауыш сынып мұғалімі Бектурсунова.Г
Кәсіби бағдар
10
октябрь
2022
Кәсіби бағдар
«Амангелді атындағы орта мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылында 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысын таныстыру бойынша МӘЛІМЕТ  Кәсіптік бағдар бойынша жұмыс барысында білім алушылар мамандықтар әлемімен танысты. Қызығушылық танытқан мамандықтарға қатысты кеңестер беріліп, таңдаған мамандықтар туралы ақпарат берілді. 11-сынып білім алушыларының кәсіби бағыттылығын диагностикалау нәтижелері бойынша сауалнама алынды. Оқушылар сауалнамаға белсене қатысты.
"Шамалар арасындағы тәуелділік" тақырыбында ашық сабақ
10
октябрь
2022
"Шамалар арасындағы тәуелділік" тақырыбында ашық сабақ
Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахимова Ү. Б. 3"ә"-сыныбында,бірлестіктің айлық жоспарында жоспарланған, математика пәнінен "Шамалар арасындағы тәуелділік" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Оқушылар сабақ барысында тәуелділікке берілген есептерді шығарып,талдады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
07
октябрь
2022
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Шу ауданы білім бөлімінің, Амангелді атындағы орта мектебінің ата-аналары мен оқушыларына Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы прокуратурасының жолдаған "Оқушының құқықтық анықтамасы" чат арқылы жолданып, сынып жетекшілері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
кездесу
21
сентябрь
2022
кездесу
Амангелді атындағы орта мектебінде 2022 жылы 20 қыркүйек күні сағат 11⁰⁰ де " Біз терроризм мен діни экстремизге қарсымыз" тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
"Мейірім" би үйірмесі
21
сентябрь
2022
"Мейірім" би үйірмесі
Амангелді атындағы орта мектебінде "Мейірім" би үйірмесінің жұмыс барысы. Хореограф: Жұмақан З.М
сенбілік
17
сентябрь
2022
сенбілік
Амангелді атындағы орта мектебінде 17 ші қыркүйек күні "World Cleanup day" акциясы аясында сенбілік өтті. Акцияның мақсаты - қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру. Сенбілікке белсенді жас ұландықтар мен еріктілер мешіт ауласын күл-қоқыстан, сарғайған жапырақтардан тазартты. Бұл өз кезегінде өмір сүріп отырған қоршаған ортаның тазаруына септігін тигізді.
Кітапхана
16
сентябрь
2022
Кітапхана
Амангелді орта мектебінің кітапханасында оқушылар үшін Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Тіл-әр халықтың байлығы» атты әдеби-тарихи саяхат өтті. Іс-шара мемлекеттік тілді үйренуді, сондай-ақ басқа ұлттардың тілдері мен мәдинеттеріне құрметпен қарауды насихаттануға бағытталған. Кітапханашы: Молдабекова О.
дебат
14
сентябрь
2022
дебат
"Адал" дебат клубының «Жаңа Қазақстан – Жастарға жаңа мүмкіндік» тақырыбында өткен кезекті ойыны. Мақсаты: 7-8 сынып оқушылары арасында дебат ойындарын дамыту. Дебаттағы кіші буынға мотивация беру. Қарар: БП 3 ай жазғы демалысты аз деп есептейді; БП салт-дәстүрді сақтау жастардың қолында деп есептейді. Формат: АПФ 1-орын: "Тіл байлығы" фракциясы 2-орын: "Қыран" фракциясы
дебат
14
сентябрь
2022
дебат
"Адал" дебат клубының жетекшісі А. С. Топашеваның жетекшілігімен "Қазақстан халқы тілдері күні"  мерекесіне орай мектепішілік "Үш тілде оқытудың қажеттілігі"  тақырыбында АПФ форматында дебат өткізілді.  Дебат қарары: БП  үш тілді қатар оқу оқушы үшін ауыр деп есептейді.  Дебат өте тартысты, әрі көңілді өтті.  Дебатқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Д.Турдалиева,кітапханашы О. З. Молдабекова қатысып, төрешілік етті.