Бұрымды қыз » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ноябрь
2023

Бұрымды қыз

Қазақтың қыз-келіншектері шаштарын өріп, сән беріп, оюланған шашбау, күмістелген шолпы таққан. 
   Қыздарымыз барша қазақ аруларын шаштарын өріп және шолпы тағуға шақырды.Айта кету керек, ұзын шаш қазақ түсінігінде өте киелі саналған. Сондықтан халқымыз қыз баланың бұрымды болуына, жинақы жүруіне мән берген. Ұлттық әшекей саналатын шашбау мен шолпыны тағудың өзіндік ерекше мақсаты да болған. 

🔸️Қоңыраулы шолпы таққан қыздар қатты күлсе, оқыс қозғалса, шолпы сыңғырлайтын болған. Осылайша, бұл әшекей қыздардың көркем мінезді, сыпайы болуына әрі ауыр шолпы арқаны түзу ұстап, сәнді жүруге әсер еткен. 

🔸️Шашбау мен шолпыны шаш ұзын болып өсуі әрі өте жинақы тұруы үшін таққан.

🔸️Шашбау сыңғырынан үйге бойжеткеннің келе жатқаны белгілі болған. Сондықтан үлкендер жинақталып, қыз баланың көзінше қатты сөйлемеген, тек өнегелі тәрбиенің үлгісін көрсеткен.