"Ұлттық киімдер күні" » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлттық киімдер күні"
13
октябрь
2023

"Ұлттық киімдер күні"


"Ұлттық киімдер күні" аталып өтілді. 

   Ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Омарованың                  басшылығымен білім ордамызда "Ұлттық киімдер күні" аталып өтілді.       
    Ұстаздар мен оқушылар да бүгінгі күнді ерекше бастады. Қазақтың ұлттық киімдерін киіп, өзгелерге үлгі-өнеге көрсетуде. Бүгінгі оюмен өрнектелген  камзол, тақия, күрте сондай жарасымды көрініп, көз сүйсіндірді. Қазақилықтың иісі, көрінісі барша ұстаздар мен оқушылардың жүздерінен анық байқалғандай. 
   «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», – деп бекер айтпаса керек-ті. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем емес екендігінің тағы да бір дәлелі көрініс тапты.