қызылшаның пайдасы » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2019

қызылшаның пайдасы

[center]Қызылшаның пайдасы
[/center]
Қою қызыл көкөністер тағамдарыңыздың сәнін келтіріп қана қоймай, пайдалылығын арттыра түседі. Себебі қызылша – өте пайдалы көкөніс
Қызылшаны сүйіп жейтін адамның жалпы портретіне назар салайық.
Ол ақылды. Себебі қызылшада йод көп. Ал онсыз есте сақтау қабілетінің жақсы, ой-өрісі мен зейіннің жоғары болуы мүмкін емес.
Беті алқызыл. Себебі қызылша темірдің сіңуіне әсер етеді. Сондықтан қызылшаны ұнататын жандардың бет-әлпетінің бозарғанын байқамайсыз.
Ол төзімді. Қызылша адамның физикалық төзімділігін арттырады екен. Ғалымдар қызылша шырынының қан тамырларды кеңейтіп, қан тарауын күшейтетінін дәлелдеген. Демек бұлшықеттерге ауа түсуін арттырады. Мамандар тәжірибе жүргізіп, жаттығу алдында 70 мл қызылша шырынын ішу денеге түсер салмаққа төзімділікті 16%-ға ұлғайтатынын анықтаған.
Оның шашы қалың. Қызылшаны сүйіп жейтін адамдардың шашы жылдам өсіп, қалыңдап, жылтырай түседі. Оған қызылша қабығының астында көп мөлшерде кездесетін В дәрумені ықпал етеді.
Ол бұлшық етті. Қызылшада бұлшықет массасын арттыруға көмектесетін магний мөлшері көп.
Ол сымбатты. Қызылша құрамында азат алмасуын жылдамдатып, артық сұйықтықты шығарып, артық салмақтан арылуға себін тигізетін ерекше заттар кездеседі.
Қызылша қандай ауруларды жазуға көмектеседі?
Қан қысымы. Зәр айдайтын әсеріне байланысты қызылша шырыны өан қысымын төмендетеді. Ал құрамында көп мөлшерде кездесетін кальция себепті, қызылша жүрек ауруларынан зардап шегетін адамдардың ас мәзірінен табылуы тиіс.
Іш қатуы. Қызылшадан жасалған тағамдарды іш жүргізетін құралдарға балама ретінде қолдануға болады. Бірақ қызылша шырынын пайдаланғанда абайлаңыз! Нәтижесі сіз күткеннен де артық болуы мүмкін.
Бас жазу. Қою қызыл көкөніс бауыр қызметін жақсартып, оны улы заттардан қорғап, организмнен зиянды заттарды шығарады.
Асқазандағы ауырлық. Әсіресе ол жаншылған шошқа етіне байланысты. Қызылша ақуыздао мен майлардың қорытылуына көмектеседі.
Тұмау. Қызылша қабынуға қарсы әсерге ие. Сондықтан бұл көкөністің шырынын тұмау тигенде мұрынға тамызады. Сонымен қатар баспа, көмейдің қабынуы, жұтқыншақ қабынуы орын алғанда, тамақты шаю үшін қолданады.
Егер сізде төменде аталған дерттер болса, қызылшаны көп қолданбағаныңыз абзал:
Сусамыр — ол қандағы глюкоза деңгейін арттырады;
құяң немесе несеп-тас ауруы— қызылша құрамында бұл ауруларда қарсы көрсетілетін қымыздық қышқылы бар.
іш өтуіне бейімділік — қызылшаның іш жүргізетін әсері керек емес.
Қызылша – алабота тұқымдас екі жылдық өсімдік. Ол орташа суыққа ғана төзімді, әртүрлі пішінді болады. Қызылша тағам үшін де, ем үшін де өте пайдалы. Аурудан тез айығу үшін ежелгі грек дәрігерлері қызылша шырынын ұсынған. Ол асқазан - ішек ауруларына, әсіресе іш қатқан кезде ем ретінде қолданылады.. Аш қарынға 100 - 200 грамм қызылша жеген жөн. Тамыр жемісінің түсі қою қызыл болғаны пайдалы. Белоктарды ажыратып, бойға сіңіреді де зат алмасуға жақсы әсер етеді. Оның бойындағы холин бауырдың қызметін күшейтеді, сондай - ақ бауырмен өт жолдары және қан аздық ауруының алдын алып, шипа бола алады. Жер - жаһанды өзінің қанық түсімен бүлдіріп жүретін біріміздің сүйікті, енді біріміздің ауызға ала алмайтын көкөністеріміздің бірі қызылшаның құпиясын бірге ашайық.

Амангелді орта мектебінде бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға «Қызылшаның пайдасы» тақырыбында оқылған баяндаманың мәліметі

19.11.2018ж. әлеуметтік педагог К.Д. Турдалиева бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған яғни аз қамтылған отбасынан шыққан және 1 сынып («а», «ә», «б») оқушыларына «Қызылшаның пайдасы» тақырыбында баяндама оқыды.
Мақсаты: дәрумендер туралы ақпарат беру. Дұрыс тамақтануға үйрету.
Әлеуметтік педагог К.Д. Турдалиева қызылшаның адам ағзасына пайдасы мен зияны, калориялық құрамы, қасиеттері жайында түсінік берді. Оқушылар мұқият тындап, қызылшаның адам денсаулығына көп пайдасы бар екенін ұғынып, өз ойларын ашық айтып, ойларымен бөлісті.



Орындаған әлеуметтік педагог Турдалиева К.Д.


қызылшаның пайдасы
қызылшаның пайдасы
[center][thumb]http://amangeldi-shu.mektebi.kz/uploads/posts/2019-02/1550222986_img-

Похожие публикации:

15 февраль 2019 кисельдің пайдасы
14 февраль 2019 Бұршақтың пайдасы