қызанақтың пайдасы » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2019

қызанақтың пайдасы

ҚЫЗАНАҚТЫҢ АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ ПАЙДАСЫ

Қызанақ жемісі жеуге жарамды, бір жылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде 'помидор' атауы итальян тіліндегі 'pomodoro - алтын алма' дегеннен шыққан. Ал 'томат' атауы француздардың 'tomate' сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп санап, бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Осыдан 200 жыл бұрын құмыраға егілген бұл өсімдікті Англияда үйлердің терезесінен, бақтан кездестіруге болатын еді.
1811 жылы ботаникалық сөздікте 'томат - улы өсімдік болып есептелсе де, оны Италияда бұрышпен, сарымсақ және маймен қосып жейді, ал Португалия мен Богемияда одан ерекше қышқыл дәмі бар соус дайындалады' деген хабар пайда болады.
Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.
Қызынақты жүрек-қан тамыр аурлары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, организмдегі артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды сыртқа шығарады. Ал шырыны жүрек тамырлары мен қанайналым жұмысын жақсартады.
Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді.
Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс.
Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол организмді зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді.
Қызанақ 'иммунитетті' де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды.
Дегенмен, үш айдан асқан қызанақ шырынын пайдаланбаған жөн,бұл организмге зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды. Мұның зардабы бүйрекке, қуыққа тас байлануға әкеп соқтырады.




Амангелді орта мектебінде бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға «Қызанақтың пайдасы» тақырыбында оқылған баяндаманың мәліметі

16.10.2018ж. әлеуметтік педагог К.Д. Турдалиева бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған яғни аз қамтылған отбасынан шыққан және 1 сынып («а», «ә», «б») оқушыларына «Қызанақтың пайдасы» тақырыбында баяндама оқыды.
Мақсаты: дәрумендер туралы ақпарат беру. Дұрыс тамақтануға үйрету.
Әлеуметтік педагог К.Д. Турдалиева қызанақтың адам ағзасына пайдасы мен зияны, калориялық құрамы, қасиеттері жайында түсінік берді. Оқушылар мұқият тындап, қызанақты үйлерінде де қолданатындықтарын айтып, өз ойларымен бөлісті



Орындаған әлеуметтік педагог Турдалиева К.Д.


қызанақтың пайдасы

Похожие публикации:

15 февраль 2019 кисельдің пайдасы
14 февраль 2019 Бұршақтың пайдасы