Іс-шаралар » Страница 7 » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Армандар орындалады»
14
февраль
2023
«Армандар орындалады»
Амангелді атындағы орта мектебінің педагог-психологы Алиева Венера Үшкемпірқызы психологиялық кеңес беру айлығы аясында 3-9 сынып білімгерлері арасында «Армандар орындалады» тақырыбында еркін тақырыпта сурет байқауын өткізіп, жеңімпаздарды анықтады. Сурет салу аясында әр білімгер өз қабілетін аянбай көрсете білді.
"Ауған от жалыны"
14
февраль
2023
"Ауған от жалыны"
Амангелді атындағы орта мектебінде 14 Ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 34 - жыл толуына орай Тәрбие бөлімі және Алғашқы Әскери дайындық пәні мұғалімі ұйымдастырған "Ауған от жалыны" атты Ауған жерінде интернационалдық борышын өтеп, ерлік көрсеткен ардагерімізді мектеп оқушылары арасында тәрбиелік, патриоттық кездесу өтті. Іс - шара барысында ардагер оқушыларға өзінің соғыс кезіндегі жайыттарын айтып, жастардың патриоттық рухтарын көтеріп,тәрбиелік мәні бар қанатты
"Бала тілін тапқан ақын"
13
февраль
2023
"Бала тілін тапқан ақын"
Амангелді атындағы орта мектеп кітапханасында балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтің туғанына 85 жыл толуына орай <<Бала тілін тапқан ақын>> атты кітап оқу марафоны өтті. Кітапханашы: Молдабекова Оралкүл.
" Ғасырда бір туылар ғажайыбым"
09
февраль
2023
" Ғасырда бір туылар ғажайыбым"
Ақпан айының 9 - күні , қазақ поэзиясының символы , ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлының туған күніне орай " Ғасырда бір туылар ғажайыбым" атты поэзиялық сағаты өткізілді. Мектеп оқушылары ақынның жыр шумақтарынан өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңдерін шырқады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смағұлов Балмұханбет ағай "Фариза жан, Фариза қыз" әнімен поэзиялық кешті қорытындылап өтті.
Дебат
07
февраль
2023
Дебат
7-ақпан күні "Адал" дебат клубының ұйымдастыруымен 7-9 сыныптар арасында «Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл» тақырыбында пікірсайыс өтті. Дебат клубының жетекшісі: А.С.Топашева
МИФ пәндерінің жабылу кеші
02
февраль
2023
МИФ пәндерінің жабылу кеші
МИФ пәндерінің "Ғасырдың-ғажап үш тірегі"атты айлығының жабылу кеші өтті.Кеш барысында Математика,информатика,физика пәндеріне 1 ай бойы белсене қатысқан оқушылар марапатталып,көңілді кешке жалғасты.Оқушылар өз қолөнерлерін көрсетіп,әр пәнге байланысты өлең жолдарын жолдады.
"Тіл - ең асыл құндылық" қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің ашылуы
01
февраль
2023
"Тіл - ең асыл құндылық" қазақ тілі мен әдебиеті пәндері
Ақпан айының бірінші жұлдызында "Тіл - ең асыл құндылық" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің ашылу салтанаты өткізілді. Іс- шара барысында пән мұғалімдері Смагулов Б.Б , Тлекеева Ж.Қ. , Саурбаева Г.М. , Айнагулова Б.М., Турдалиева Қ.Д ұстаздарымыз биылғы оқу жылындағы мерейлі мерекелі ақын жазушыларымыздың өлеңдерінен үзінді оқумен және мектеп оқушыларының осы ақындардың өмірі жайлы қысқаша мәлімет беруімен басталып , "Алдаркөсенің құрығына кім түспейді ? " ойыны арқылы
"Оқуға құштар мектеп қысқы демалыста"
09
январь
2023
"Оқуға құштар мектеп қысқы демалыста"
Жамбыл облысы, Шу ауданы Амангелді атындағы орта мектеп кітапханасының ұйымдастырумен 31 желтоқсан мен 2023 жылдың 8 қаңтар аралығында "Оқуға құштар мектеп қысқы демалыста" оқушылар бос уақыттарын тиімді өткізу барысында, "Қысқы демалыста кітаппен өткен қызықты күндерім" тақырыбында оқушылар қысқы демалыс кезінде уақыттарын тиімді өткізуде.
"Менің қысқы демалысым"
09
январь
2023
"Менің қысқы демалысым"
Шу ауданы білім бөлімінің, Амангелді атындағы орта мектебінде оқушылардың қысқы демалысында,бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 5-7 сынып оқушылары арасында "Менің қысқы демалысым" тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды.
"Оқуға құштар мектеп қысқы демалыста "
09
январь
2023
"Оқуға құштар мектеп қысқы демалыста "
Амангелді атындағы орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 30 желтоқсан мен 2023 жылдың 8 қаңтар аралығында "Оқуға құштар мектеп қысқы демалыста " Оқушылар бос уақыттарын тиімді өткізу барысында "Қыс қызығмен" Суреттер байқауы 1-4.сыныптар арасында өз қиялдарын сурет арқылы көрсетті.