Іс-шаралар » Страница 8 » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Рақмет саған, Әліппе"
23
декабрь
2022
"Рақмет саған, Әліппе"
Амангелді атындағы орта мектебінде 1-сынып оқушылары бүкіл білім, ғылым басы болған әліппемен қоштасып "Рақмет саған, Әліппе" атты ертеңгілігі өтті. Оқушылар өздерінің білімдері мен ән-би өнерлерін ортаға салды. Сынып жетекшілері: Бектурсунова Г., Тажитаева Г.
"Тәуелсіздік-ел бақыты"
15
декабрь
2022
"Тәуелсіздік-ел бақыты"
Амангелді орта мектебінің кітапханасының ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларының қатысуымен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай"Тәуелсіздік-ел бақыты"атты тақырыбында кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басыннан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 31 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен
"Тәуелсіздік-Тұғырым"тақырыбында көрме
14
декабрь
2022
"Тәуелсіздік-Тұғырым"тақырыбында көрме
Амангелді атындағы орта мектебінде 5-10сынып аралығында Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік-Тұғырым"тақырыбында көрме және "Менің елім Қазақстан"тақырыбында 1-4сынып аралығында сурет байқауы өтті.
"Толағай"
01
декабрь
2022
"Толағай"
Балалар жылына орай шахмат,тоғызқұмалақ үйірме оқушылары арасында "Толағай" эстафеталық сайыс өтті. Өткізген үйірме жетекшілері: Ж.С.Бикадамов. Ф.Б.Айманбетова
"Жас сарбаз"
24
ноябрь
2022
"Жас сарбаз"
#Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 30жыл. "Жас сарбаз" сыныбы тәрбиеленушілері. Өткізген әскери жетекші: Ф.Б.Айманбетова
"Жас сарбаз"
16
ноябрь
2022
"Жас сарбаз"
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына байланысты оқушылардың Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру, елін,жерін қорғауға, ерлікке, адалдыққа баулу мақсатында "Жас сарбаз" әскери-патриоттық сынып тәрбиеленушілері арасында "Мерген" сайысы өтті. 1-орын Еркінұлы Мәди, 2-орын Елгелді Аят, 3- орын Жұмахан Шерхан иеленді. Жеңімпаз оқушылар марапатталып,сыйлықтар берілді.Өткізген әскери жетекші Ф.Б.Айманбетова
«Күз Ханзадасы мен Ханшайымы»
28
октябрь
2022
«Күз Ханзадасы мен Ханшайымы»
Ұлттық құндылығымызды дәріптей отырып, жастардың шығармашылығын дамыту, олардың бойында өнегелік қасиеттерді қалыптастыру және өнерге баулу мақсатында: Амангелді атындағы орта мектебінде 2022 жылдың 28қазан күні 8-10 сынып оқушылары арасында «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атты күзгі бал байқауы өтті. Аталмыш іс-шараны Мектеп директоры Қ.М.Бабасова ашып , қатысушыларға сәттілік тіледі.Ең жоғарғы ұпаймен 9«А» сынып оқушылары Айтқазы Толғанай мен Қадырқұл Рамазан жеңіске жетіп «Күз Ханзадасы мен
"КҮЗ МЕРЕКЕ, КҮЗ БЕРЕКЕ"
28
октябрь
2022
"КҮЗ МЕРЕКЕ, КҮЗ БЕРЕКЕ"
Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып айлығында жоспарланған "КҮЗ МЕРЕКЕ, КҮЗ БЕРЕКЕ" күз мерекесі өтті. Күз мезгілінің молшылығымен, берекесін паш ету мақсатында ұйымдастырылған мерекелік іс - шарада оқушылар жұптарын таныстырып, мәнерлеп өлең оқып, ән - биден шашуларын шашты. Мереке барысында "КҮЗ ХАНЗАДАСЫ" мен "КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ" деп анықталып 2 "ә" - сынып оқушылары марапатталды. Сынып жетекшісі Бикадамова Ляззат Софияновна.
Бастауыш сынып айлығының жабылуы
28
октябрь
2022
Бастауыш сынып айлығының жабылуы
03.10-28.10 аралығында жоспарланған Амангелді орта мектебінің бастауыш сынып айлығының жабылу жиыны ұйымдастырылды.Жиында өткізілген түрлі іс-шаралардың қорытындысы есептеліп,оқушылар мадақтамалармен марапатталды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
28
октябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында,Амангелді орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасында, ертегіні түсініп оқып,мазмұнын айтудан жоспарланған кезекті іс-шараны өткізді.Мақсаты:бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтыру, оқу сауаттылықтарын арттыру және өмірде кітапты бағалай білуге тәрбиелеу. Ұйымдастырушы Мусабекова А.О.