"Ауған от жалыны" » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ауған от жалыны"
14
февраль
2023

"Ауған от жалыны"

Амангелді атындағы орта мектебінде 14 Ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 34 - жыл толуына орай Тәрбие бөлімі және Алғашқы Әскери дайындық пәні мұғалімі ұйымдастырған "Ауған от жалыны" атты Ауған жерінде интернационалдық борышын өтеп, ерлік көрсеткен ардагерімізді мектеп оқушылары арасында тәрбиелік, патриоттық кездесу өтті. Іс - шара барысында ардагер оқушыларға өзінің соғыс кезіндегі жайыттарын айтып, жастардың патриоттық рухтарын көтеріп,тәрбиелік мәні бар қанатты сөздерін жеткізді. Кездесу ары қарай сұрақ жауап айдары болды. Сұрақ жауап барысында оқушылар өздеріне үлгі өнеге, патриоттық тәрбие ала отырып, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарау, тәртіпке бағыну керек екенін, одан әрі патриоттық сезімдері жандана түсті. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, ардагерге құрмет қошемет көрсетіліп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Іс - шараға қатысқан ардагерге,патриоттық тәрбие берудегі қосқан үлесі үшін, алғыс айтылды . Күн тәртібіндегі тәрбиелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.