Іс-шаралар » Страница 16 » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Балаларды зорлық зомбылықтан қорғау"
05
декабрь
2023
"Балаларды зорлық зомбылықтан қорғау"
Жамбыл әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Амангелді атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог психологтар В.Ү.Алиева мен Г.С.Кончекова 6-8сынып оқушыларынан "Балаларды зорлық зомбылықтан қорғау, суцидті алдын алу және олардың құқықтарымен әл ауқатын қамтамасыз ету тақырыбында он күндік іс-шара аясында "Зорлық -зомбылықтың алдын алу" тақырыбында сауалнама алынды.
Мұражайға саяхат
04
декабрь
2023
Мұражайға саяхат
Бастауыш сынып мұғалімі Әсел Мусабекова 4 "а"сынып оқушыларымен туған өлкеміздің тарихымен таныстыру және "Мәдени мұра" тақырыбын қалыптастыру мақсатында өлкеміздің тарихи мәдени мұражайына саяхатқа барды. Саяхат барысында,мұражай қызметкері тас ғасырынан бастап , қазіргі заманымызға дейінгі аралықтағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі,тарихи жәдігерлерімен ,ұлы тұлғалармен таныстырып, оқушыларға маңызды ақпараттар берді. Мұражайдан шыққан балалар "Балуан Шолақ" аллеясына , саябаққа барып,көрікті
"Жас сарбаз" сыныбы
04
декабрь
2023
"Жас сарбаз" сыныбы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 31 жылдығына орай "Жас сарбаз" сыныбы тәрбиеленушілері арасында  "Болашақтың ұтқыр ойлы ұрпағы" атты дойбы сайысы өтті. Әскери жетекші Ф.Б.Айманбетова #Жассарбазсыныбы
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы
04
декабрь
2023
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы
04.12.2023ж күні орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің айлығының ашылу салтанаты болып өтті.  Мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға ықпал жасау.  Міндеті: әр оқушының жеке қабілеттеріне байланысты білім мен білім алуына қолайлы жағдайлар жасау. Бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғаның, үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.
«Кемел қаламгер» тақырыбында эссе байқауы
01
декабрь
2023
«Кемел қаламгер» тақырыбында эссе байқауы
Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай 2023-2024 оқу  жылында Амангелді атындағы орта мектептің  8-10 сынып  оқушылары арасында мектепішілік  «Кемел қаламгер» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқау дауылпаз ақын, қазақ халқының азаттығы үшін күрескен батыр Махамбеттің отты жырларын жастар арасында насихаттау мақсатында  өткізілді. Эссе байқауына 8-10 сынып оқушылары арасынан 12 оқушы қатысты. Байқаудың нәтижесінде 1- орын 9 "ә" сынып оқушысы Мамыт Нұрайым, 2- орын 8 "ә" сынып оқушысы
"Тоғыз айға-тоғыз іс шара", "Бес асық" және "Асық ату" челленджі
01
декабрь
2023
"Тоғыз айға-тоғыз іс шара", "Бес асық" және "Асық ату" челленджі
"Тоғыз айға-тоғыз іс шара" аясында білім алушыларды ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында , "Бес асық" және "Асық ату" челленджі 4 "А" сынып және 5 "А" сынып оқушылары мен өткізілді. "Асық ату" ойыны баланы  ептілік пен шапшаңдыққа баулиды.     Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау.  Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру, батылдыққа,төзімділікке
2 "ә"-сыныбында "Әкеге -ізет,анаға-құрмет" сынып сағаты
30
ноябрь
2023
2 "ә"-сыныбында "Әкеге -ізет,анаға-құрмет" сынып сағаты
2 "ә"-сыныбында "Әкеге -ізет,анаға-құрмет" тақырыбында сынып сағаты өтті.  Сабақтың мақсаты: ата-ананы  құрметтеу,сыйластықты арттыру. Отбасының құндылықтары мен  татулығын дәріптеу. Сынып жетекшісі сөзжұмбақ және жұмбақтар шештіру арқылы, топтық жұмыстармен тақырыпты қызықтырып отырды.
Бұрымды қыз
28
ноябрь
2023
Бұрымды қыз
Қазақтың қыз-келіншектері шаштарын өріп, сән беріп, оюланған шашбау, күмістелген шолпы таққан.     Қыздарымыз барша қазақ аруларын шаштарын өріп және шолпы тағуға шақырды.Айта кету керек, ұзын шаш қазақ түсінігінде өте киелі саналған. Сондықтан халқымыз қыз баланың бұрымды болуына, жинақы жүруіне мән берген. Ұлттық әшекей саналатын шашбау мен шолпыны тағудың өзіндік ерекше мақсаты да болған.  🔸️Қоңыраулы шолпы таққан қыздар қатты күлсе, оқыс қозғалса, шолпы сыңғырлайтын болған. Осылайша, бұл
«Таза мектеп – таза сынып» акциясы
27
ноябрь
2023
«Таза мектеп – таза сынып» акциясы
Өзін – өзі басқару ұйымының «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясының Министрі Жұмақан Шерханның ұйымдастыруымен «МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫН!» жобасы бойынша  «Таза мектеп – таза сынып» акциясын  8 сынып оқушылары өткізді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге,"Ерлік алаңы" ашылды
22
ноябрь
2023
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге,"Ерлік алаңы" ашылды
Алға ауылының Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің ұрпақтарының демеушілігімен Амангелді орта мектебінде  "Ерлік алаңы" ашылды. Алға ауылының Ұлы Отан соғысы майдангерлердің суреттері ілініп, стенд жасалды. Атап айтсақ, ҰОС ардагері Жылқыбаев Омаш атаның   ұрпақтары  Жылқыбаева Базилия апа, Жылқыбаев Кәрібек Омашұлы, Жылқыбаева Жұмакүл Омашқызы, Омашева Жаннұр,ҰОС ардагері Ходжабергенов Маха атаның ұлы Ходжабергенов Махмуд-сұлтан  Махаұлы, ҰОС ардагері Абитов Қабылбек атаның ұлы Абитов