"Тоғыз айға-тоғыз іс шара", "Бес асық" және "Асық ату" челленджі » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тоғыз айға-тоғыз іс шара", "Бес асық" және "Асық ату" челленджі
01
декабрь
2023

"Тоғыз айға-тоғыз іс шара", "Бес асық" және "Асық ату" челленджі

"Тоғыз айға-тоғыз іс шара" аясында білім алушыларды ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында , "Бес асық" және "Асық ату" челленджі 4 "А" сынып және 5 "А" сынып оқушылары мен өткізілді. "Асық ату" ойыны баланы  ептілік пен шапшаңдыққа баулиды.
    Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау. 
Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру, батылдыққа,төзімділікке тәрбиелеу, ептілікті, қырағылықты және дәлдікті  дамыту. Балаларды асық ату ойынына баулу.Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқы асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. 
#асықату
#меніңотанымқазақстан
#меніңелім
#Біртұтас_тәрбие