«Даналық » мектебі,“Жеңгелер “клубы » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Даналық » мектебі,“Жеңгелер “клубы
23
январь
2024

«Даналық » мектебі,“Жеңгелер “клубы

«Даналық » мектебінің жылдық жоспарына сай “Жеңгелер “клубының жетекшісінің ұйымдастыруымен жеңге мен қайынсіңілі арасындары өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып,жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін, қазақи салт - дәстүрді кұрметтей білуге тербиелеу мақсатында
"Қыз білуге тиіс!..."тақырыбында коучинг кездесу өткізілді.
Кездесу барысында клуб жетекшісі А.Е.Алипбаева жеңгелерді ортаға шаттық шеңберіне шақырып, жеңгелер бір-біріне тілектерін білдіріп,түстері бойынша топқа бөлді.
Топтарға  сұрақтар таратылып,мағынасын ашу тапсырмасы берілді.Қайын сіңілісін жеңгелері әсем ,көркем түрде таныстыру болды."Салем салу","Ат қою"туралы кеңінен талқыланды.Әр топ берілген тапсырманың мағынасын толықтай ашып,жұмыстарын қорғап, мектеп қыздарына өздерінің акыл-кеңестерін айта отырды.Сабақ соңын мектеп психологі Кончекова Ғ.С психологиялық тренингпен қорытындылады.
Алдағы уақытта да жеңгелерді «Жеңгелер» клубының іс-шараларына белсене атсалысуға шақырамыз.
Іс шара барысында жеңгелер белсенділік танытып,сәттілік тілеп, бұл бастаманы қолдайтындарын айтты.