«Даналық мектебі» клубы, «Ағалар мектебі » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Даналық мектебі» клубы, «Ағалар мектебі
05
февраль
2024

«Даналық мектебі» клубы, «Ағалар мектебі

Біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге ала отырып, «Даналық мектебі» клубын жүзеге асыру мақсатында  «Ағалар мектебінің » жоспары аясында Амангелді орта мектебінің 7 сынып оқушыларының ағаларымен «Ағасы бардың -жағасы бар » атты шеберлік сабағы өткізілді.
​Мақсаты: ағалардың іні-қарындасы алдындағы жауапкершілігін арттыру, ағалық міндеттің мағынасын ашу, інілері мен қарындастарына қамқорлық жасаудың мәнін түсіндіру, аға өзінің соңынан ерген інілері мен қарындастарына тірек, қорғаныш, әр отбасындағы жол бастайтын, өзінен кейінгілерге бағыт бағдар беретін тұлға, отбасылық қамқорлыққа тәрбиелеу.Аталған шеберлік сабаққа  ағалар,мектеп ұстаздары және оқушылары қатысты.
Мектеп психологы Алиева Венера  тренинг  өткізіп,іс-шараның мақсатына тоқталып, бір ана, бір әкеден туған іні қарындастарымыз ғана емес, күллі елдің баласын бауыр қарындас көріп, ағалық қамқорлық жасауы қажеттілігін айтып өтті.
Іс шара барысында "Қаздар сабағы" видеосы көрсетіліп,  ситуациялық сұрақтар талқыланып,  ағалық ақыл-кеңестерін  айтты.