Түлектер
Аталған нұсқаулық негізгі білім деңгейінің жалпы білім
беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарында
(бұдан әрі – мектеп) 9-сынып білім
алушыларының қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру мен
өткізу тәртібін (бұдан әрі – Нұсқаулық) анықтайды.
Емтихан әкімшісі – мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын және осы Нұсқаулықта бекітілген тәртіппен білім алушылардың қорытынды аттестаттау емтихандарын ұйымдастыру мен өткізуге жауапты тұлға;
Аттестаттау комиссиясы – білім алушылардың емтихан жұмыстарын тексеру және бағалау үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектептің пән мұғалімдері мен директордың орынбасары кіреді;
Апелляциялық комиссия – емтихан нәтижелерімен келіспеген білім алушылардың өтініштерін қарастыру үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектептің пән мұғалімдері кіреді;
Апелляция – алынған балл/бағаға келіспеу туралы дәлелдемелері көрсетілген білім алушының жазбаша өтініші негізінде оның нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
- Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген пәндер тізбесі мен өткізу формасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Мектептер білім алушылар санына қарай емтихан материалдарымен қамтамасыз етіледі.
- Облыстық / қалалық білім басқармалары дайындаған емтихан материалдары жапсырылған түрде қалалық / аудандық білім басқармаларына жеткізіледі. Қалалық / аудандық білім басқармалары емтихан материалдарын жапсырылған түрде мектептерге жеткізеді.
- Емтихан нәтижелері емтихан материалдарын тексеруді аяқтаған соң келесі күні жарияланады.
- Қорытынды аттестаттауды өткізген соң қорытынды аттестаттау құжаттары (акт, декларация, ведомость және басқалары) мектепте сақталуы керек. Даулы мәселелер туындаған жағдайда Білім басқармасы мектептен құжаттарды талап ете алады. Сақтау мерзімі – 1 жыл. Сақтау мерзімі аяқталған соң аталған құжаттар жойылады.
Емтихан материалдарын әзірлеу мен жөнелту кезінде құпиялылық пен қауіпсіздікті; - емтихан материалдары мен осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес емтихан бағасын және қорытынды бағаны қою ведомосінің электрондық формасын мектепке жіберуді;
- білім алушылардың құрамы мен қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша ақпаратты жинақтау мен дайындауды қамтамасыз етеді.
Мектептің міндеттері
Білім басқармасына осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес білім алушылардың құрамы мен таңдау пәндері бойынша тізімді жасап, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін 2 айдан кешіктірмей жіберуді;білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу барысында дәрігер/медбикелердің кезекшілігін ұйымдастыруды;
емтихан материалдарының қауіпсіздігін сақтауға арналған орын / кабинет, сондай-ақ білім алушылар санына сәйкес емтихандарды өткізуге арналған аудиторияларды дайындауды қамтамасыз етеді.
- білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізуге арналған аудиториялар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:әр білім алушыға арналған парта/орынның болуы, парта/орынның ортасынан келесі парта/орынның ортасына дейінгі ара қашықтық 1,25 метрден кем болмауы керек;
тиісті жарық, желдеткіш, дыбысоқшаулағыш және температуралық режимнің болуы;
- әрбір білім алушының көру аймағында қабырға/электрондық сағаттың болуы;
- тақтаның болуы;
- қосымша кеңсе құрал-жабдықтарының болуы;
- емтихан пәндері бойынша анықтамалық-танымдық ақпараттары бар стенд, плакат, әдебиеттердің жоқ болуы. Бар болған жағдайда оларды уақытша алып тастау немесе жауып қою керек.