Ыстық тамақ » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2024

Ыстық тамақ

1-4 сынып оқушылары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген жекелеген санаттағы оқушылар бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Асхана гигиеналық талаптарға сай. Оқушыларға арналған ыдыстар жеткілікті.Мектеп медбикесі асханадағы ас блогының тазалығын, гигиеналық талаптарға сай жұмыс атқаруын қадағалауда. Ыстық тамақпен қамтылған балалардың күнделікті асханада тамақпен қамтылуын мектеп әкімшілігі тарапынан қадағалануда және әлеуметтік педагог тарапынан бақылануда. Мектеп асханасында берілетін бір реттік ыстық тамақтың сапасын және гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау үшін  бракераж комиссиясы құрылып, жұмыс жүргізуде. Онда бракераждық  комиссия  мүшелері мектеп асханасының жалпы санитарлық жағдайын, келімді азық-түліктің сапасын, дайын өнімнің сапасын, ыстық тамақтың салмағын /порция көлемін/ балалар санына сәйкестігін қадағалап тексеріп отырады. Жалпы Амангелді атындағы орта мектебінде 223 бала ыстық тамақпен қамтылып келеді.