"Тәрбиенің ең басты мектебі-отбасы" тақырыбында ата-аналар жиналысы » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Тәрбиенің ең басты мектебі-отбасы" тақырыбында ата-аналар жиналысы
06
декабрь
2023

"Тәрбиенің ең басты мектебі-отбасы" тақырыбында ата-аналар жиналысы

1"а" сыныбында сынып жетекшісі Сарсембаева Сырғаш "Тәрбиенің ең басты мектебі-отбасы" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.
Мақсаты:Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
Балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналарды хабардар ету. 
    Күн тәртібінде 4 мәселе болды.Жиналыс жаңа форматта ата-аналармен тығыз байланыс орнату мақсатында тренинг арқылы басталды. "Бес қадам" әдісі арқылы әр ата-ана баласына өзі таңдап алған әріптен басталатын сөздер арқылы, баласын сипаттап жағымды сөздер  айту арқылы жүріп өтеді.Шаттық шеңберінде өздері жыртып дайындаған түрлі-түсті қағаздан гүл жасады. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей ата-аналарды бір-біріне жақын араластыру. Балам менің қуанышым тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді "Сиқырлы сандықшада" жасырынған сұраққа жауап беріп пікір алмасты. Алдын ала дайындалып,алынған қиған көз жанары арқылы өз балаларын табу ұсынылды. Баламен көп уақыт өткізіп,көзінен,сөзінен,көңіл-күйінен танып білу керектігі ұсынылды. Күн тәртібіндегі сұрақтарды кезеңімен қамтып,ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді. Жиналысты "Бақыт деген не өзі деген" өлең жолымен аяқтады.