Іс-шаралар » Страница 19 » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Айырмашылық салыстыруға берілген есептер" ашық сабақ
24
октябрь
2023
"Айырмашылық салыстыруға берілген есептер" ашық сабақ
Бастауыш сыныптар айлығында, 2"А" сынып жетекшісі Бектурсунова Г математика пәнінен "Айырмашылық салыстыруға берілген есептер" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында "Киндер", "Керме жіп", "Сандар таспасы" әдістері қолданылып, оқушыларды сергіту мақсатында, "Қағаз оркестрі" сергіту сәтімен көркемделді. Сабақ мақсаты: шапшаң есептеуге, ой—қиялын дамытып, алған білімдерін өмірде қолдана алуға бейімдеу.
«Ұстаз -Ана» атты Республикалық ән, би өнер байқауы
24
октябрь
2023
«Ұстаз -Ана» атты Республикалық ән, би өнер байқауы
«Ұстаз -Ана» атты Республикалық ән, би өнер байқауында, хореография жанры бойынша өнер көрсеткен «Мейірім»  би тобының үлкен құрамы «Азиз-Яр» ұйғыр биін орындап, 1ші орынға ие болды🥇💐😘  Би жетекшісі: Жұмақан Зәуре Манатқызы
"1001 мақал,101 жұмбақ"
23
октябрь
2023
"1001 мақал,101 жұмбақ"
Бастауыш сыныптар айлығында жоспарланған "1001 мақал,101 жұмбақ" атты интелектуалдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын байыту, дүниетанымын кеңейтіп, мақал-мәтелдерді дұрыс қолданып, жұмбақтар арқылы ой-өрістерін дамыту. Сайыста "Тұлпар" тобы жеңімпаз атанып, "Сұңқар" тобы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
"Достық көңіл"
19
октябрь
2023
"Достық көңіл"
2 "ә" сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: "Достық көңіл" деп аталды. Мақсаты: оқушыларға достыққа берік болуға,өтірік айтпауға,кешірімді болуға баулу. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы, жан-жақты ойлауға,зерек,алғыр үйрету. Ойларын ашық,толық айтуға машықтандыру. Пән мұғалімі: Тажитаева Гульзат жеке ,жұптық,топтық тапсырмалар бере отырып,сабақты қызықтырып отырды. Бес қадам әдісі арқылы кейіпкерлерге сиппаттама берілді.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ "ОЯН, ҚАЗАҚ”
18
октябрь
2023
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ "ОЯН, ҚАЗАҚ”
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ "ОЯН, ҚАЗАҚ” Демалыс күні 8 сынып оқушылары Алаш зиялысы, ақын Міржақып Дулатұлы жайында түсірілген “Оян, қазақ” фильмін көріп, тамашалап келді. Оқушыларға фильмді көрсетудегі мақсатымыз ұлттық, патриоттық тәрбие беру болатын. Көптеген эмоциялар болды. Оқушыларымызға қатты ұнады. Осындай зиялыларымызды, батырларымызды, тарихымызды көрсететін фильмдер көптеп шыға берсін.  #Оян_Қазақ
"Жас математик"
16
октябрь
2023
"Жас математик"
Бастауыш сынып айлығы барысында Г.Бектурсунова мен Л.Бикадамованың ұйымдастыруымен 1-4 арасында "Жас математик" интеллектуалдық сайысы өтті.     Сайыстың мақсаты: оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, логикалық ойлауын дамыту. Сайыс барысында оқушылар берілген тапсырмаларды орындап, сыйлықтармен марапатталды. Сайыс соңында топ ішінен "Жас математик" ерекшеленіп шығып,  жеңімпаз атанды.
"Қозғалысқа берілген есептер"
16
октябрь
2023
"Қозғалысқа берілген есептер"
Бастауыш сыныптар айлығында жоспарланған, математика пәнінен, 4 ә сыныбында "Қозғалысқа берілген есептер" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы арақашықтық формулаларын көрсету және қолдану. Жетекшісі: Рахимова Үміт сабақ барысында түрлі жаңа әдіс - тәсілдерді қолданып, ойындар арқылы сабақты қызықты өткізді.
"Ұлттық киімдер күні"
13
октябрь
2023
"Ұлттық киімдер күні"
"Ұлттық киімдер күні" аталып өтілді.     Ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Омарованың                  басшылығымен білім ордамызда "Ұлттық киімдер күні" аталып өтілді.            Ұстаздар мен оқушылар да бүгінгі күнді ерекше бастады. Қазақтың ұлттық киімдерін киіп, өзгелерге үлгі-өнеге көрсетуде. Бүгінгі оюмен өрнектелген  камзол, тақия, күрте сондай жарасымды көрініп, көз сүйсіндірді. Қазақилықтың иісі, көрінісі барша ұстаздар мен оқушылардың
"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"
11
октябрь
2023
"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"
Мектеп психологтары В.Ү.Алиева мен Г.С.Кончекова мен "Қыз Жібек" ұйымының жетекшісі Л.Заирбаеваның ұйымдастыруымен 11-қазан Халықаралық қыздар күніне орай 8-9 сынып қыздары арасында "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында жиналыс өткізілді. Қыздарға ұлттық тәрбиені қалыптастыру, инабаттылыққа, кішіпейілділікке жан-жақты ұлттық қасиеттерді таныта білу. Мектеп психологы В.Ү. Алиева мен Г. С. Кончекова "Психогеометриялық тест"және "Мен күнмін", "Мен аймын" тақырыптарында психологиялық
"Ұстаздар,бар жақсылық сіздер үшін"
05
октябрь
2023
"Ұстаздар,бар жақсылық сіздер үшін"
   Амангелді орта мектебінде "Ұстаздар, бар жақсылық сіздер үшін" атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке ардагер ұстаздар қонаққа шақырылып, сыйлықтар табысталды.Мектеп директоры Қ.М.Бабасова сөз сөйлеп мерекелерімен құттықтады.Ардагер ұстаздарға сөз беріліп өздерінің алғыстарын жеткізіп, оқушыларға батасын берді.11-сынып оқушылары өлең жолдарын арнап,ән айтып,биші қыздарымыз би биледі. 5-қазан Ұстаздар күні құтты болсын!🧑🏻‍🏫📚 Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын