"Ұлттық киім - ұрпаққа мұра" челленджі » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлттық киім - ұрпаққа мұра" челленджі
15
февраль
2024

"Ұлттық киім - ұрпаққа мұра" челленджі

Ұлттық құндылық, ұлттық киімдерді дәріптеу мақсатында дайындалған челлендж.
Біз ұлттық мәдениетті дамытуымыз керек. Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл – мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде ғана емес, жиі киіп жүрсе керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз. Жалпы ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты", - деді Президент өз жолдауында, осыған орай "Ұлттық киім - ұрпаққа мұра" челленджі Қазақстанда бастау алды. Бүгінгі таңда ұлттық киіміміз ұлттың брендіне айналып, қазақы нақыштағы киімді кию сәнге айналып келеді. Ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған челленджге Амангелді орта мектебіде өз үлесін қосуда.
Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, дәріптеу мақсатында мектебімізде әр аптаның жұма күні  “Ұлттық киім - ұлттық нышаным” күні деп жарияланды, акция өз жалғасын табуда.