“Ауғанның асуында от кешкендер" » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ауғанның асуында от кешкендер"
12
февраль
2024

“Ауғанның асуында от кешкендер"


Ауған соғысының 35 жыл толуына орай “Ауғанның асуында от кешкендер" атты іс-шара өтті. 
   Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту. Тарихи оқиға туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Іс шараны Мектеп директоры Қ.М.Бабасова сөз сөйлеп қонақтарды,оқушыларды құттықтап мерекелік кешті ашып берді.
Іс-шара барысында 5 "ә"-сынып және 10 сынып оқушыларынан құралған  “Жас сарбаз” үйірме мүшелері ән айтып, автоматты толық емес бөлшектеу және қайта жинақтау сайысымен жалғастырды және көрініс көрсетіліп,ұлдардың өнері мен аяқталды.
Бұл іс-шара Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, ол кісілердің есімдерін қастерлеуге, білімгерлерді патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі етуге тәрбиелеуге бағытталды.
Іс-шараға Ауған ұрыс даласына түскен ардақты жауынгер, аудан ардагері  Б.Шынарбеков және ауған соғысының ардагері Ж.мырзабаев  қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар өмірі ерлік пен аңызға толы ағаларымызбен келелі сұқбат жүргізді.
 Шу ауданы "Жас Сарбаз" төрайымы Б.Джапабаев қатысты.
Бұл кездесу-жерлестеріміздің ауған соғысында көрсеткен ерліктерін еске алу мақсатында өткізілді.