25
апрель
2023
«Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
Амангелді атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен, «Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтымен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде "Заң" факультетінің оқытушысы Құрманалиева Нұргүл Сайлаубекқызы оқу орны туралы түсіндіре отырып, оқу орнына грант бөлінетінін және оқуға түсу шарттарымен таныстырды. Қандай мамандықтар бар екенін, қай кезде құжат тапсыруға болатыны туралы сұхбат жүргізіліп, оқушылардың осы саладағы мамандық таңдауы бойынша пікір алмасты.

