«Қазақ сөз өнерінің наркескені, халық жазушысы Шерхан Мұртаза – 90 жаста» атты тақырыпта әдеби кеш » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ сөз өнерінің наркескені, халық жазушысы Шерхан Мұртаза – 90 жаста» атты тақырыпта әдеби кеш
24
февраль
2023

«Қазақ сөз өнерінің наркескені, халық жазушысы Шерхан Мұртаза – 90 жаста» атты тақырыпта әдеби кеш

Амангелді атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі К.Д. Турдалиеваны ұйымдастыруымен «Тіл – ең асыл құндылығымыз» атты қазақ тілі мен әдебиет айлығының жоспарына сәйкес 8 «а», 8 «ә» сыныптар арасында «Қазақ сөз өнерінің наркескені, халық жазушысы Шерхан Мұртаза – 90 жаста» атты тақырыпта әдеби кеш өтті.
Мақсаты: «Қазақ сөз өнерінің наркескені, халық жазушысы Шерхан Мұртаза – 90 жаста» атты әдеби кеш арқылы Қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де, тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Кеш барысында «Шерхан Мұртазан қайталанбас тұлға» тақырыбында баяндама оқылды, «Ай мен Айша» шығармасына буктрейлер, «Бесеудің хаты» драмасына көрініс қойылып, нақыл сөздері оқылды, ақындар қауымының Шерхан Мұртаза дүниеден өткенде аза тұтып шығарған өлеңдері оқылды.
Ш.Мұртазаның жүріп өткен өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа үлкен үлгі, дара жол болып қалсын деп кешімізді аяқтадық!