"Тіл - ең асыл құндылығымыз!" » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тіл - ең асыл құндылығымыз!"
28
февраль
2023

"Тіл - ең асыл құндылығымыз!"

28- ақпан күні "Тіл - ең асыл құндылығымыз!" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні айлығының жабылу кеші өткізілді. Кешті мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары " Беу-айдай ! " әнімен ашып берді. Мектебіміздің 8- сынып оқушылары биылғы мерейлі мерекелі ақын- жазушыларға арнаған арнау өлеңдерін оқып өтті. Сондай -ақ 6 "А" сынып оқушылары "Ертегілер елінде " атты ертегілерден үзінді көрсетіп , көрермендер арасынан оқушылар шығып ертегінің аты мен кейіпкерлерін атап өтті. Кешіміздің соңында айлық барысында өткізілген байқаулардың жеңімпаздары марапатталып өтті. Атап айта кетсек, "Қазақ тілім - байлығым!" тақырыбында өткізілген эссе байқауында 1- орынды иеленген Сабыр Аружан , 2-орынды иеленген 7А сынып оқушысы Нұрғабыл Зере , 3- орынды иеленген 8 "Ә" сынып оқушысы Бекен Айнара иеленді. "Жас ақындар мүшәйрасы" байқауында көзге көрініп жүлделі 1- орынды иеленген 7"Ә" сынып оқушысы Әсімхан Аяулым, 2- орынды иеленген 7 "ә" сынып оқушысы Қаршыға Перизат , 3- орынды иеленген 8"а" сынып оқушысы Сағаділдә Парасат , 3-орынды иеленген 6 "а" сынып оқушысы Тілеубек Шырай марапатталды.
Айлық барысында атаулы ақындар мен жазушылардың мерейтойларына арнаған арнау өлеңдері үшін "Жас ақын" номинациясымен 8- сынып оқушылары Шайділда Аяжан, Тауысхан Ақжан, Мамыт Нұрайлым, Шоқан Балым марапатталды.