Амбассадор Жүнісәлиев Асхат Махамбетовичпен «Дұрыс тамақтану» » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Амбассадор Жүнісәлиев Асхат Махамбетовичпен «Дұрыс тамақтану»
29
апрель
2019

Амбассадор Жүнісәлиев Асхат Махамбетовичпен «Дұрыс тамақтану»

Амангелді атындағы орта мектепте әлеуметтік педагог К.Д. Турдалиеваның ұйымдастыруымен 19 сәуір күні Амбассадор еркін күрестен спорт шебері Жүнісәлиев Асхат Махамбетовичпен «Дұрыс тамақтану» тақырыбында кездесу өтті.

Амбассадор Жүнісәлиев Асхат Махамбетович 6.03.1973 ж. дүниеге келген. Ресей федерациясы Ленинград қаласында 1992 ж. тамыз айында еркін күрестен чемпион атағын алған және Қазақстанның екі қайтара чемпион атағын алған.
Әлеуметтік педагог К.Д. Турдалиева сөз алып: Дұрыс тамақтану қағидалары, ережелері, негізгі шарттары туралы түсінік беріп өтті.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болған дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылуына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Келген қонаққа оқушылар төмендегі сұрақтарды қойып, толық жауаптарын алды.
1. Сіздің өміріңізде спорттың маңызы?
2.Неге спортпен айналысудың адам үшін маңызы зор.
3. Сіздің өміріңізде дұрыс тамақтану қандай рольде?
4. Қай уақыттан бері сіздің өміріңізге дұрыс тамақтанудың ережесі енгізілді?
5. Спортшылардың (чемпионның) тамақтануы.
6. Сіз тамақтың қай түрлерін тұтынасыз?
7.Сіздің сүйікті асыңыз?
8. Сіз тамақ дайындай аласыз ба? Қандай пайдалы тағамды тез дайындай аласыз?
9. Сіз қай тағамның түрлерін өзіңізге шектеу қоясыз? Мысалы: қуырылған, кола, ішімдік т.б.
Әлеуметтік педагог К.Д. Турдалиева сөз алып: « Салауатты өмір салтын ұстау үшін мектеп оқушыларына қандай тағамдарды тұтынуға ақыл кеңесіңізді бересіз»? деген сұрақ қойды.
Амбассадор А.М. Жүнісәлиев оқушыларға көптеген ақыл-кеңестерін берді. Чемпион болу үшін еңбек, рух, намыс керектігін және оқушыларды Қазақ елінің патриоты болуға шақырып, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда деп, сөзін М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің мына жолдарымен аяқтады:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Әлеуметтік педагог К.Д. Турдалиева кездесуді мына сөздермен қорытындылап, аяқтады: «Егер біз дұрыс түрде тамақтанатын болсақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып, денеміз сауығып, көңіл-күйіміз көтеріле түсетіні сөзсіз. Қандай да аурулар болмасын, біз олардың алдын алар едік. Дұрыс түрде тамақтанған адамзат баласы 150-200 жыл жасар еді деп, жазады Дж. Гласс өзінің әлемге әйгілі еңбектерінін, бірінде (1999)».


 Амбассадор Жүнісәлиев Асхат Махамбетовичпен «Дұрыс тамақтану»
 Амбассадор Жүнісәлиев Асхат Махамбетовичпен «Дұрыс тамақтану»
 Амбассадор Жүнісәлиев Асхат Махамбетовичпен «Дұрыс тамақтану»




Орындаған әлеуметтік педагог Турдалиева К.Д.