"Жамбыл-адалдық алаңы" » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жамбыл-адалдық алаңы"
02
сентябрь
2021

"Жамбыл-адалдық алаңы"

Жамбыл облысы бойынша "Жамбыл-адалдық алаңы"жобалық офисі ағымдағы жылы қоғамда парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау және өңірдегі үлгілі ,үздік отбасыларын анықтау мақсатында "Парасатты отбасы" байқауының жаңа маусымы өтетінін хабарлайды. Оыған орай,байқаудың аудандық кезеңі 2021 жылдың қыркүйек айының 15 күні өткізіледі. Мектепішілік кезеңі 13 қыркүйек күні өткізіледі. Байқауға қатысуға шақырамыз!

«Парасатты отбасы» онлайн байқауының
Ережесі

1. Жалпы ереже
1.1 Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
1.2 Облыстық байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, ізденімпаз оқушылар мен білімгерлер өз жанұясымен қатыса алады.

2.Байқауға қатысу шарттары
2.1. Байқауға Жамбыл облысының әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.
2.2. Байқауға қатысушы отбасылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады.
2.3. Облыстық байқауға абыройлы, парасатты және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан, креативті, жаңашыл, қайырымды әрекетімен көзге түскен отбасылар қатыса алады.
2.4. Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық туралы ойлары және адалдықты насихаттайтын материалдарды орналастыруы қажет. Оған қоса, парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары ролик дайындайды. Аталған роликті әлеуметтік желілерде «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисіне Жамбыл адалдық алаңы хэштегімен тегтеп орналастырады.
2.5. Балалары қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын, парасатты, отбасы құндылықтарын қадірлейтін, спорт немесе өнермен шұғылданатын, ата-ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби-публицист

Похожие публикации:

08 октябрь 2020 Хаттама
24 январь 2020 Адалдық
29 апрель 2019 Адалдық алаңы