"Пайдалы және зиянды тағамдар" тәрбие сағаты
Амангелді орта мектебінде 2 «ә» сыныпта «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының мәліметі 20.10.2022 ж. 2 «ә» сыныпта сынып жетекшісі Л.С. Бикадамова «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: дәрумендер туралы ақпарат беру. Дұрыс тамақтануға үйрету. Дұрыс тамақтану қағидасы, күнделікті тамақ рационында қандай тағамдар болуы қажет, тағамдардың адам ағзасына пайдасы мен зияны, калориялық құрамы, қасиеттері жайында түсінік берді.