Кәсіби бағдар » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
декабрь
2022

Кәсіби бағдар

         Кәсіби бағдар беру бойынша  әскери оқу орнына ниет білдіріп отырған 8,9,10,11 сынып оқушыларымен  БӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ф.Б.Айманбетова мен кәсіптік бағдар беруші педагог А.С.Топашева өз Отанының адал патриоты болуға, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға қолдау көрсету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

        Мектебіміздің түлегі «Арыстан» мамандырылған лицейінің оқушысы Р.Н.Советханмен кездесу ұйымдастырылды. Лицей туралы мәлімет беріліп, әскери өмірдің қызықтары мен қиындықтары туралы айтып өтті. Кандидаттарды іріктеу кезеңдерімен таныстырды. 

        Оқушыларға әскери оқу орындары туралы видео көрсетіліп, мамандықтар туралы мағлұмат берілді. Әскери оқу орнына түсетін оқушылар «Мен болашақ офицермін», «Кім болғым келеді?» тақырыптары бойынша кластер жасап, өз ойларымен бөлісті. 

Бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау, қоғамға белсене араласуына көмектесуіміз қажет болып саналады.