Іс-шаралар » Страница 22 » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақтың дастарханының сәні бауырсақ.
03
май
2022
Қазақтың дастарханының сәні бауырсақ.
Қазақтың дастарханының сәні бауырсақ. Оқушылардың демалыста бос уақытын ұйымдастыру және ұлттық дәстүрімізді ұлықтау мақсатында, бауырсақтың дайындалу барысы мен пісірілуін дәріптеу. Ұйымдастырушы әскери жетекші Ф.Б.Айманбетова #көктемгідемалыс#
Көктем аруы
03
май
2022
Көктем аруы
18 Наурыз күні Амангелді атындағы орта мектебінде қыз тәрбиесі мен оны құрметтеуді дәріптей отырып, ұлыстың ұлы күні наурызбен тұспа-тұс келген ,қыздар мен олардың жеңгелерінің арасында байқау өткізілді.
"Екі жұлдыз"
03
май
2022
"Екі жұлдыз"
Амангелді атындағы орта мектебінде 16-ақпан күні музыка пәнінің мұғалімі Р.М. Нұрмаханбетова мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" ұйымдастырды. Байқауға 5 бірлестік қатысты.
Волейбол
03
май
2022
Волейбол
Амангелді атындағы орта мектебінде 8-11 сыныптың ұлдар арасында Волейболдан " мектеп біріншілігі ұйымдастырылып өткізілді. 10-сынып оқушылары I-орын 11-сынып оқушылары II-орын 8-сынып оқушылары III-орын иеленді. Дене шынықтыру пән мұғалімі: Н.Ш.Рахимов
"Шыңдалсын футбол шеберлері
03
май
2022
"Шыңдалсын футбол шеберлері
Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дамыта отырып,зиянды әдеттерден аулақ болуды тусіндіру,насихаттау барысында Амангелді орта мектебінде наурыздың 11-14 күндері "Шыңдалсын футбол шеберлері" атты тақырыппен 5-8 сыныптар аралығында футбол жарысы өтті.Жарыста Аманат командасы 1-орын, Алға командасы 2-орын, Қайрат командасы 3-орын иеленді. Жарысты ұйымдастырған :дене тәрбиесі пәні мұғалімі Топашев Е.
"Наурыз-достарын шақырады "
03
май
2022
"Наурыз-достарын шақырады "
Амангелді атындағы орта мектебінде Оқушыларға қазіргі заман бейнелеу өнерінің ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру, өнер пәнінен танымдық қызығушылығын дамыту, оқушыларды сұлулыққа , әдемілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында 10 наурыз күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Терлікбаев Е. ұйымдастыруымен 5-9сыныптар арасында "Наурыз-достарын шақырады " тақырыбында бейнелеу өнерінен байқау өтті.
"Таза табиғат " республикалық  акция аясында
03
май
2022
"Таза табиғат " республикалық акция аясында
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Алға ауылы ,Амангелді атындағы орта мектебінде "Таза табиғат " республикалық акция аясында "Әр отбасына бір ағаш" челенджі жоспарланып өз ауласына,қара ағаш,жеміс ағаштарын отырғызды.
Алға округінің ұйымдастыруымен волейболдан  ауылдық жарыс
03
май
2022
Алға округінің ұйымдастыруымен волейболдан ауылдық жарыс
Амангелді атындағы орта мектебінде 5 наурыз күні Алға округінің ұйымдастыруымен волейболдан ауылдық жарыс өтті.Жарысқа Абай ауылының,Абай мектебінің ұстаздары ,Ақтөбе ауылының әкімшілігі және Алға ауылының ,Амангелді о.м ұстаздары қатысты. Бірінші орынды Абай мектебінің ұстаздары алды Екінші орынды Амангелді о.м ұстаздары алып,Айманбетова Ф.Б үздік ойыншы болды. Үшінші орынды Ақтөбе ауылының әкімшілігі иеленді.
" Домбыра-дастан"
03
май
2022
" Домбыра-дастан"
Амангелді атындағы орта мектебінде 9 наурыз күні " Домбыра-дастан" атты концерттік бағдарлама өтті. Мақсаты: 1. Қазақтың ұлттық аспабы " домбыраны" насихаттауға, домбыра тарту шеберлігін меңгеруге, эстетикалық талғамын арттыруға, музыканы дұрыс тыңдап , тереңдей түсіне білуге тәрбиелеу. 2. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3.Адамгершілікке тәрбиелеу. Домбыра үйірмесінің жетекшісі: Жунисбекова.Г.Ж
"Сыйынар ем ана деген тәңірге"
03
май
2022
"Сыйынар ем ана деген тәңірге"
Амангелді атындағы орта мектебінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай 5 наурыз күні "Сыйынар ем ана деген тәңірге" атты мерекелік іс-шара өтті.