Іс-шаралар » Страница 14 » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету
23
январь
2024
Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету
Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету мақсатында 5 "а" сынып жетекшісі Желдикараева Белес Муратбекқызы,мектеп психологы Алиева Венера Үшкемпірқызымен бірлесе "Отбасы - тәрбиенің басты ұясы"атты тақырпта тренинг өткізді.Тренинг кезінде ата-аналарға "Бала деген кім?","Серпілген доп", "Түстер сіздер жайлы сыр шертеді","Аялы алақан","Кері байланыс" атты жұмыстар жүргізілді.
Оқуға құштар бол үйірме
23
январь
2024
Оқуға құштар бол үйірме
Оқуға құштар бол үйірме жоспары бойынша Амангелді орта мектебінің 4 сыныптар арасында минутқа оқу жарысы өткізілді.Бұл жарыстың мақсаты оқушыларды жылдамдыққа және сөздерді дұрыс оқуға дағдыландыру.Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыра отырып есте сақтау қабілетін жақсартады. Білісбек Мырза, Нұржан Райян, Оспанбек Аяна, Қуантай Бинур, Орманбай Жанарыс өздерінің белсенділіктерін көрсетті.
Жасөспірімдер мен оқушылар  арасында құқықбұзушылықты болдырмау
22
январь
2024
Жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқықбұзушылықты болдырмау
Жасөспірімдер мен оқушылар  арасында құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Шу аудандық полиция аға лейтенанты Ж.Т. Бижекеевтың және директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А.С. Омарованың қатысуымен 8-11сынып ұлдарымен жиналысы өтті.   Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық зомбылық,әлімжеттік,кәмелетке толмаған
"ДОСБОЛLIKE" акция
22
январь
2024
"ДОСБОЛLIKE" акция
31.01.2024ж. "ДОСБОЛLIKE" акция шеңберінде мектеп психологтары 8 сынып оқушылары мен "Достық алақаны" атты тренингтік жаттығулар өткізіп, оқушыларға шығармашылық тапсырмалар орындатты.
"ҰБТ кезінде ата - аналарға психологиялық көмек" тренинг
19
январь
2024
"ҰБТ кезінде ата - аналарға психологиялық көмек" тренинг
Амангелді атындағы орта мектебінің психологтары 11сынып білім алушылардың ата - аналармен "ҰБТ кезінде ата - аналарға психологиялық көмек" тренинг, кеңес өткізілді.
"Достық және Мен" атты тақырыбында сынып сағаты
18
январь
2024
"Достық және Мен" атты тақырыбында сынып сағаты
19.01.2024 жылы 5 "а" сыныбында оқушыларды өзімшілдіктен, мен мендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ болу мақсатында сынып жетекшісі, "Достық және Мен" атты тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында  "Сөйлемді аяқта" тренингі, хатқа жауап беру,пікіралмасу,жүректен жүрекке, "Сиқырлы орындық жаттығуы" атты ойындар жүргізілді.
“INNOVATION Psychology“ қоғамдық қоры ұйымдастырған «Бестерек»
17
январь
2024
“INNOVATION Psychology“ қоғамдық қоры ұйымдастырған «Бестерек»
Амангелді атындағы орта мектептің педагог—психологтары КончековаГ.С. Алиева В.Ү. “INNOVATION Psychology“ қоғамдық қоры ұйымдастырған «Бестерек»  жобасы аясында жасөспірімдер арасында деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында 5-11сынып арасында проективті тест алынды. “Үй, адам, ағаш” әдістемесі. “Менің отбасым, Менің арманым, Менің достарым” тақырыбында эссе жазылып, сауалнама алынды.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы
17
январь
2024
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары бойынша оқушылар арасында эссе жазылды «Мен жемқорлық туралы не білемін!» тақырыбында,  эссе жазуға 7-8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар жемқорлықтың адам өміріне қауіпі мен,қазіргі таңда жемқорлықты қалай жеңуге болатындығын атап көрсеткен.Өздерінің ойларын толық жеткізе білді.Эссені жақсы жазған оқушылар:  7 «А» сынып Төрехан Аяулым 7 «А» сынып Орманбай Анелья  7 «Ә» сынып Ахметова Маншук 8 «Ә» сынып Әсімхан Аяулым 8 «Ә»  сынып Мақтабек Анель
"Кітап әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
04
январь
2024
"Кітап әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында "Кітап әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрменің мақсаты: Кітап -сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру,кітапты күтіп ұстауға үйрету. Мақсаты:Оқушылардың кітап туралы білімдерін кеңейту, кітапты сүйе білуге,оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
"Жас сарбаз"сыныбы
03
январь
2024
"Жас сарбаз"сыныбы
Бауыржан Момышұлының 113 жылдығына орай "Жас сарбаз"сыныбымен Бауыржан кітаптармен танысып өлеңдерін оқыды.