"Қош келдің Жаңа жыл " » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қош келдің Жаңа жыл "
27
декабрь
2023

"Қош келдің Жаңа жыл "

27-ші желтоқсан күні "Қош келдің Жаңа жыл " тақырыбында, 1-4 сынып окушылары және даярлық сыныптардың жаңа жылдық мерекелік шыршасы өткізілді.Жаңа жылдық мерекелік кешті мектеп директоры Қ.М.Бабасова өзінің балаларға деген ақ тілегімен ашып берді.Оқушылар керемет көңіл-күймен қарсы алып, жаңа жылдық ән шырқап, би биледі.Жаңа жылдық мерекелік шырша төріне бүлдіршіндеріміз Аяз Ата мен Ақшақарды шақырып, әсем шыршаның шамын жағып, сиқырлы жаңа жылдық ертегі кейіпкерлері түрлі-түрлі ойындар ойнатып, жұмбақтар жасырып, сиқырлы ертегі әлеміне  саяхат жасады.
  Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!