«Тарих, география пәндерінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тарих, география пәндерінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
26
январь
2024

«Тарих, география пәндерінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.

26.12.2024 ж. Амангелді атындағы орта мектебінде «Тарих, география пәндерінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
     Семинардың мақсаты: тарих және география пәндерінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
     Келген ұстаздарды мектеп ұжымы көңілді әуенмен нейро жаттығуын жасатып, қарсы алды. Мектеп директоры К.М. Бабасова мен аудандық ББӘ К.М. Садыгулова семинарды ашып, ізгі тілектерін білдірді.
      Мектеп психологі В.У. Алиева «Психологиялық тренинг» өткізді.
      Тарих және география пәнінің ұстаздары тәжірибелік сабақтар өтіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті:
     1) Тарих пәнінің мұғалімі З.Б. Абитова 7 «а» сыныбында қазақстан тарихы пәнінен «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар».
     2) География пәнінің мұғалімі М.Ж. Майкеева 9 «а» сыныбында география пәнінен «Қазақстанның ірі физикалық аудандары».
      3) Тарих пәнінің мұғалімі М.К. Пернебаева 9 «ә» сыныбында қазақстан тарихы пәнінен «Қайта құру жылдарындағы демократиялық процестер».
      4) География пәнінің мұғалімі М.Ж. Майкеева география пәнінің ұстаздарымен «География сабағында оқушылардың құзіреттілігін дамыту жолдары»  атты тақырыпта коучинг өтті. 
      Д.У. Адильбекова математика және тарих, география пәндерімен байланыстырып акт залында «Ғажайып алаң» тақырыбында интеллектуальды ойын өткізді . Ойын қызық, мағыналы өтті.
      Семинар соңында кері байланыс  парағы таратылып,  қорытынды жасалды. Келген ұстаздар алғыстарын айтып, осындай семинарлар көп болса екен деген ұсыныстар білдірді.