«Жас Талант» би байқауы » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Талант» би байқауы
28
март
2023

«Жас Талант» би байқауы

Амангелді орта мектебінде 28 наурыз күні «Өнер және спорт»айлығының өтуне орай бастауыш сыныптар арасында «Жас Талант» би байқауы өтті.
Мақсаты: Мектеп оқушыларын би өнеріне баулу, өнерге деген құлшыныстарын ояту, сахна мәдениетін дәріптеу.
Байқауда оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарға керемет көңіл күй сыйлады. Әділқазылардың шешімі бойынша: Бас жүлде 2«ә»сыныбы«Жалын»би тобы және жетекшісі Ешмаханбетова Жансая, 1ші орын 1«а»сыныбы«Шаттық»би тобы және жетекшісі Тлеубеу Шырай, 2ші орын 2«а» сыныбы «Балдаурен» би тобы және жетекшісі Сәбитқызы Бекзада, 3ші орын 4«ә» сыныбы «Жас толқын» би тобы және жетекшісі Тауысхан Ақжан иеленді. Байқауға қатысқан оқушыларға бағалы сыйлықтар мен диплом табысталып, кеш соңында демеушілерден арнайы балмұздақ таратылды.
Ұйымдастырушы, би үйірме жетекшісі: Жұмақан Зауре Манатқызы.