"КӨКТЕМ АРУЫ 2023" » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "КӨКТЕМ АРУЫ 2023"
16
март
2023

"КӨКТЕМ АРУЫ 2023"

Амангелді орта мектебінде 16 наурыз күні Наурыз мейрамына орай "КӨКТЕМ АРУЫ 2023" қыз сыны байқауы өткізілді. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Атамыз қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.
Байқау алты кезеңнен тұрды. Бірінші кезең "Мен қазақтың қызымын" яғни, қыздар өздерін таныстырды. Екінші кезең "Өнерлі өрге жүзер" өз өнерлерін көрсетіп,ән салып,би биледі. Үшінші кезең "Салт -дәстүр байлығы-мәдениеттің байлығы" айдарында салт -дәстүр, әдеп - ғұрыпқа көрініс қойды. Төртінші кезең "Ою ойғанның ойы ұшқыр" аруларымыз берілген уақытта ою ойды.Бесінші кезеңде "Білгенге маржан" салт -дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Алтыншы кезеңде қолөнер бұйымын жасап әкелу, аруларымыз өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарын ұсынып, жасалу жолдарын түсіндіріп өтті. Әділқазылардың шешімі бойынша Бас жүлдені Боранбай Айару, І орынды Тауысхан Ақжан, ІІ орынды Төлен Гаухар, ІІІ орынды Нұрғабыл Зере жеңіп алды.