1 сыныпқа қабылдау » СШ им.Амангелды
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Шу ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-10-30
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 сыныпқа қабылдау
31
март
2023

1 сыныпқа қабылдау

❗️2023-2024 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызда аяқталады❗️

🔹1 сыныпқа қабылдауда «Бастауыш, негізгі орта жәнежалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы басшылыққа алынады.

✅Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылады.
1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы
2) қағаз түрінде
❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

🔻Қажетті құжаттар тізімі:
▶️ата-ананың өтініші;
▶️баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
▶️«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
▶️063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
▶️баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.

❗️Ата-аналардан құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.

🔹2023-2024 оқу жылында 1 сыныпқа болжаммен 23 мыңнан астам оқушы келеді деп күтілуде.

📌Қосымша сұрақтар бойынша 8(7262)43-88-32; 43-88-25 номерлеріне хабарласа аласыздар!