Түлектер » СШ им.Амангелды
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа имени Амангелди
отдела образования Шуского района
"Управления образования"
акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72638) 5-10-30
Бухгалтерия
+7(72638) 5-10-30
Версия для
слабовидящих
05
март
2020

Түлектер

Управления образования

Аталған нұсқаулық негізгі білім деңгейінің жалпы білім

беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарында 

(бұдан әрі – мектеп) 9-сынып білім

алушыларының қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру мен

өткізу тәртібін (бұдан әрі – Нұсқаулық) анықтайды.


Емтихан әкімшісі – мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын және осы Нұсқаулықта бекітілген тәртіппен білім алушылардың қорытынды аттестаттау емтихандарын ұйымдастыру мен өткізуге жауапты тұлға;

Аттестаттау комиссиясы – білім алушылардың емтихан жұмыстарын тексеру және бағалау үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектептің пән мұғалімдері мен директордың орынбасары кіреді;

Апелляциялық комиссия – емтихан нәтижелерімен келіспеген білім алушылардың өтініштерін қарастыру үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектептің пән мұғалімдері кіреді;

Апелляция – алынған балл/бағаға келіспеу туралы дәлелдемелері көрсетілген білім алушының жазбаша өтініші негізінде оның нәтижелерін қайта қарау рәсімі;

  • Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген пәндер тізбесі мен өткізу формасына сәйкес жүзеге асырылады.
  • Школы білім алушылар санына қарай емтихан материалдарымен қамтамасыз етіледі.
  • Облыстық / қалалық білім басқармалары дайындаған емтихан материалдары жапсырылған түрде қалалық / аудандық білім басқармаларына жеткізіледі. Қалалық / аудандық  білім басқармалары емтихан материалдарын жапсырылған түрде мектептерге жеткізеді.
  • Емтихан нәтижелері емтихан материалдарын тексеруді аяқтаған соң келесі күні жарияланады.
  • Қорытынды аттестаттауды өткізген соң қорытынды аттестаттау құжаттары (акт, декларация, ведомость және басқалары) мектепте сақталуы керек. Даулы мәселелер туындаған жағдайда Управления образования мектептен құжаттарды талап ете алады. Сақтау мерзімі – 1 жыл. Сақтау  мерзімі аяқталған соң аталған құжаттар жойылады. 
     Емтихан материалдарын әзірлеу мен жөнелту кезінде құпиялылық пен қауіпсіздікті;
  • емтихан материалдары мен осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес емтихан бағасын және қорытынды бағаны қою ведомосінің электрондық формасын мектепке жіберуді;
  • білім алушылардың құрамы мен қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша ақпаратты жинақтау мен дайындауды қамтамасыз етеді.
Управления образования қорытынды аттестаттауды өткізуге дейін және/немесе өткізгеннен кейін осы Нұсқаулыққа сәйкес білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты емтихан материалдарының қауіпсіздігін сақтау талаптарының іс жүзіндегі сәйкестігіне орай мектептерді тексереді және қажеттілігіне қарай мектептерге ұсыныс жасайды.

 Мектептің міндеттері

  1. Управления образованияна осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес білім алушылардың құрамы мен таңдау пәндері бойынша тізімді жасап, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін 2 айдан кешіктірмей жіберуді;білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу барысында дәрігер/медбикелердің кезекшілігін ұйымдастыруды;

  2. емтихан материалдарының қауіпсіздігін   сақтауға  арналған орын / кабинет, сондай-ақ білім алушылар санына сәйкес емтихандарды өткізуге арналған аудиторияларды дайындауды қамтамасыз етеді.

  3. білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізуге арналған аудиториялар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:әр білім алушыға арналған парта/орынның болуы, парта/орынның ортасынан келесі парта/орынның ортасына дейінгі ара   қашықтық 1,25 метрден кем болмауы керек;
  4. тиісті жарық, желдеткіш, дыбысоқшаулағыш және температуралық режимнің болуы;

  5. әрбір білім алушының көру аймағында қабырға/электрондық сағаттың болуы;
  6. тақтаның болуы;
  7. қосымша кеңсе құрал-жабдықтарының болуы;
  8. емтихан пәндері бойынша анықтамалық-танымдық  ақпараттары бар стенд, плакат, әдебиеттердің жоқ болуы. Бар болған жағдайда оларды уақытша алып тастау немесе жауып қою керек.