"Мақал сөздің мәйегі",тақырыбында мақал-мәтел сайыс » СШ им.Амангелды
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа имени Амангелди
отдела образования Шуского района
"Управления образования"
акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72638) 5-10-30
Бухгалтерия
+7(72638) 5-10-30
Версия для
слабовидящих
» » "Мақал сөздің мәйегі",тақырыбында мақал-мәтел сайыс
23
февраль
2024

"Мақал сөздің мәйегі",тақырыбында мақал-мәтел сайыс

Өскелең ұрпақты ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы ойын нақты,дұрыс жеткізуге,тапқыр сөйлеуге баулу мақсатында Амангелді атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тлекеева Жеңіскүл  8 "ә"-8 "а" сыныптарының қатысуымен "Мақал сөздің мәйегі",тақырыбында мақал-мәтел сайысын өткізді.
Сайыс үш кезеңнен тұрды.
1-кезең
"Мақалды -мәтелді тап";
2-кезең
"Бос орынды толықтыр"
3-кезең 
"Сөзге сәйкес мақал"
1-кезеңде оқушылар экрандағы суретке сәйкес мақал-мәтелдер айтты
2-кезеңде экранда берілген мақалдың жалғасын айтты.3-кезеңде  экранда берілген сөздерге келетін мақалдар айтып жарысты.Айта кететін болсақ тіл.ана,көз т.б. сөздер туралы бірнеше мақалдар айтылды.Сайыс өте қызықты өтті.Әділ қазылар алқасы әр топтың жауаптарын әділ бағалап отырды.88 ұпай жинап,өздерінің алғырлықтарымен алға шыққан 8-"ә" сынып оқушылары,"Алаш" тобы жеңімпаз атанды.Ұрпақтан ұрпаққа жеткен,сөз мәйегі болған мақал-мәтел арқылы оқушыларды тәрбиелей берейік.
















Все реакции:8Aigul Raimkulova, Дамеш Адильбекова и ещё 6