Кәсіптік бағдар » СШ им.Амангелды
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа имени Амангелди
отдела образования Шуского района
"Управления образования"
акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72638) 5-10-30
Бухгалтерия
+7(72638) 5-10-30
Версия для
слабовидящих
19
январь
2023

Кәсіптік бағдар

19-қаңтар күні кәсіптік бағдар беруші педагог А.С.Топашеваның ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылындағы мектеп бітірушілерді жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту, 11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту,бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету, мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы мағлұмат беру мақсатында «Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент» тақырыбында мектеп бітіріп, қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген студенттермен, грант иегерлерімен: Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің І-курс студенті Кемелбай Дана, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің І- курс студенттері, Берік Дильназ, Жарылқасын Аружан, Алматы қаласындағы Республикалық Жоғарғы Медициналық колледжінің ІІІ-курс студенті Турегелді Гүлнұр, Тараз-Болашақ көпсалалы колледжін бітіріп, жұмыс істеп жүрген мектеп түлектері Оралбекова Эльвира мен Естай Малика, Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының түлегі Ермек Жеңіспен кездесу кеші өтті. Кездесуге келген әрбір студент өзі білім алып жүрген колледжбен, ЖОО-мен таныстырып, ондағы мамандықтар туралы қажетті ақпараттар және ЕНТ-ге дайындық жұмыстарын жүргізу барысында оқушыларға пайдалы кеңестер берді. Өздерінің оқуға қалай түскенін, оның себебі ЕНТ-ның нәтижесі екенін алға тартты. Кеш соңында студенттер оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін және алдағы ЕНТ-ді сәтті тапсыруларына өз тілектерін білдірді.