"Баланың тапқырылығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?" тақырыбында » СШ им.Амангелды
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа имени Амангелди
отдела образования Шуского района
"Управления образования"
акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72638) 5-10-30
Бухгалтерия
+7(72638) 5-10-30
Версия для
слабовидящих
» » "Баланың тапқырылығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?" тақырыбында
16
февраль
2024

"Баланың тапқырылығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?" тақырыбында

Амангелді орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті сабағы өткізілді. 2 "а" сынып ата-аналарына "Баланың тапқырылығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?" тақырыбында сынып жетекшісі Г. К. Бектурсынова сабақ жүргізді. 
Мақсаты: Ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту. Ата-аналар сабақта "Бір шәугім шәй" әдісі арқылы топқа бөлініп, "Өзіме-көршіме" атты психологиялық ахуал жүргізілді.Сабақ барысында ата-аналардың, балалардың ойындарына қаншалықты көңіл бөлетінін білу мақсатында "Тапсырма-ойын"  жүргізілді. Ойын жасыл түс "үнемі", сары түс" үнемі емес", қызыл түс "ешқашан" дөңгелекшелері арқылы белгіленді. "Танграм" жасаудың жолдарын бейнеролик көру арқылы ата-аналар түрлі пішіндер құрастырып жасады.Сабақ үстінде әр түрлі суретті ребустер арқылы мақал-мәтелдер құрастырды. Ата-аналар "Кім епті?"," Кім жылдам?" ойындары арқылы өздерінің ептіліктерін, ұйымшылдықтарын көрсете білді. Сабақ соңында алдарындағы кеселерге өз ойларын жазып, кері байланыс жасады.Сабақ өте әсерлі өтті.




Все реакции:2Кульзия Елибаева и Гаухар Бейсебава